Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға С дыбысы мен әрпін таныстыру.
Дауыссыз дыбыс екенін меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Буын туралы түсініктерін кеңейту. Қолдарын жаттықтыруға, сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Сөздерге талдау жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаты оқи, жаза білуге, шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, буындар, ойын элементтері, интерактивті тақта, слайдтар
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ассосация, ойындар, тренинг
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, дүниетану, өзін – өзі тану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Психологиялық тренинг
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
II. Өткенді қайталау
- Ойын арқылы
Сиқырлы алма ағашы ойыны
- Балалар қазір жылдың қай мезгіл?
- Күз мезгілі
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жемістер піседі
- Міне біздің алмаларымызда пісіп жетіліпті, кәне осы жемістерді теріп алайық. Балалар бұл алмалар оңайлықпен алынатын емес, олардың әрбіреуінде сендерге арналған сұрақтары бар екен, сол сұрақтарға жауап берген оқушылар ала алады.
- Оқушылар алманы таңдайды. Алмада сандар жазылған. Сол санға байланысты сұрақтар қоямын. Соған дұрыс жауап беруі керек.
1 – алма: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2 - алма: Б дыбысы қандай дыбыс?
3 – алма: Б дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?
4 – алма: Б дыбысына байланысты сөз ойла, ол сөзді буынға бөл.
5 – алма: Б дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?
6 – алма: Б дыбысына байланысты сөйлем құрастыр.
III. Қызығушылықты ояту
Тақырыпты ашуға жұмбақтар қою
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шапшаң жауап беріңдер. Кімнің тапқыр екенін анықтайық.
Кім тапқыр?
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен,
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен (сағат)
Сауысқанды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді,
Бастап тұрған қай әріп,
Сапсыз орақ тәрізді. (С)
IY. Жаңа сабақ
Ой ашар
- Дұрыс балалар осы сағат деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр.
- С
- Олай болса біз бүгін С дыбысы мен әрпімен танысамыз.
- С дыбысының баспа және жазба түрлерін көрсету.
- С дыбысын айтып көрейікші
С С С С С С
- С дыбысы қалай айтылып тұр?
- Созылмай, қысқа
- Олай болса С дыбысы қандай дыбыс?
- С дауыссыз дыбыс
- Қандай түсті болып келеді?
- Көк
- Қай үйге кіргіземіз?
- Көк үйге
Суретпен жұмыс
Слайдтағы суреттерді атау, буынға бөлу, с дыбысының сөздегі орнын анықтау
Сағат асқабақ ананас
- С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
- Енді балалар С дыбысына байланысты қандай сөздер білетінімізді байқау үшін Сөз ойла, тез ойла ойыны
Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану
- Бағандағы сөздерді мұғалім оқып, әр сөздің мағынасын ашып түсіндіру
- Хормен оқыту
- Тізбектей оқыту
Сергіту сәтін орындау:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай – ақ
Сергіп, демалып алдық енді қаламымызды алып, дәптеріміздің С дыбысын ашайық
Дәптермен жұмыс
- Әріпті ауада жазу
- Жазу жолындағы әріпті бастырып жазу
- Жеке әріпті жазу
- Сөздерді жазу
Жазып болсақ қаламымызды орына қояйық.
Ұйқасын тап ойынын ойнайық
- са, - са, - са ызыңдайды....
- Із, - із, - із бақшадағы....
- Ыс, - ыс, - ыс келіп қапты....
Y. Бекіту:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- С дыбысы сөздің қай буындарыңды кездеседі?
- С дыбысынан басталатын сөздер айтайық?
БАСПАЛДАҚ ойыны
С -
С - -
С - - -
С - - - -
Әліппе серігі оқулығындағы өлеңмен жұмыс:
Сара келіп сабақтан,
Сан шаруаны тындырды:
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сауды сары сиырды
Кім шапшаң? ойыны жұмбақ шешу:
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (С)
YI. Үйге тапсырма:
- С дыбысы мен әріпі
- Бағандағы сөздерді оқу
YII. Бағалау:
- Оқушыларды мадақтау
Күз сыйы алма және жапырақтар тарату.
5 – қызыл алма
4 – сары алма
3 – көк алма