Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Қазақ тілі 3 - сынып (орыс мектебі)
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдері туралы мәлімет беру, олардың пайдасы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жаттығу, көрнекілік, анализ - синтез.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
А) Амандасу
- Сәлеметсіңдер ме?
- Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Ә) Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
- Табиғат.
- Дұрыс. Ал табиғат деген не?
- Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн...
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
1. Природа
2. Весна
3. Радуга
4. Облако
5. Гора
6. Цветок
7. Двор
8. Апрель
9. День
- Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
- Төрт түлік.
- Иә.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3. 1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.
3. 2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.
3. 3. 1 - жаттығу. 153 - бет. Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.
3. 4. 2 - жаттығу. Балық қаңқасы оқыту техникасын пайдалана отырып, төрт түліктің төлін жаз.
түйе сиыр қой жылқы ешкі
3. 5. 3 - жаттығу. Сәйкестендір.
Түйе------------- маңырайды.
Жылқы---------- боздайды.
Сиыр ------------маңырайды.
Қой --------------кісінейді.
Ешкі -------------мөңірейді.
3. 6. 4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.... – бие сүтінен жасалатын сусын. 2.... – түйе сүтінен жасалатын сусын. 3.... – ұйытылған сүт. 4. Сүттен... жасалады.
Керекті сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.
3. 7. 5 - жаттығу. 155 - бет. Ұйқасын тап, жатта.
Моп - момақан өзі.
Сүп - сүйкімді.... (қозы)
ІV. Сабақты бекіту.
------------------------------Дұрыс----------Бұрыс
Қойдың төлі – бұзау.
Төрт түлік пайда әкеледі.
Сүттен ет жасалады.
Теріден қалам жасайды.
Шұбат - түйе сүті.
Қымыз – сиыр сүті.
VІ. Үйге тапсырма. 5 - жаттығу, 155 - бет, сөз жаттау.
VІІ. Бағалау.