Арифметикалық прогрессияның анықтамасы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n – мүшесінің қосындысының формуласын қорытып шығару, оны есептер шығаруда қолдану әдістерін үйрету.
ә) дамытушылық: Көп сандардың қосындысын тез есептей білу дағдыларын дамыту.
б) тәрбиелік: Шапшаңдыққа, тез ой қорытуға, көрген оқиғаларынан ой түйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, өз бетімен игеруге бағыттау, проблемалық
Сабақтың көрнекілігі: К. Гаусстің суреті, К. Гаусс 1 - ден 100 - ге дейінгі сандардың
қосындысын табуға арналған есебі (интерактивті тақтадан көрсету) 34 – сурет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақты игертуге арналған сұрақтар, үй тапсырмасын тексеру.
1) Арифметикалық прогрессияның анықтамасы.
2) Арифметикалық прогрессияның айырымы дегеніміз не?
3) Арифметикалық прогрессияның n – ші мүшесінің формуласы.
4) Арифметикалық прогрессияның қасиеттері.


Скачать


zharar.kz