Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Сарықамыс негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Есболаева Алмагул Олжаевна
Сабақтың тақырыбы: Қонаққа барғанда 2 класс
Қонақжай 3 класс
Сабақтың мақсаты: Әдептілік пен қонақжайлық ұғымдарын кеңейтіп, халқымыздың қасиетті - қонақжайлық жайында оқушылардың пікірін дұрыс қалыптастыру.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын, қиялын дамыта отырып, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еркін сөйлеуге, сенімді жағдайын қалыптастыруға, уақытпен санаса білуге, өзін-өзі әдепті ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, слайд, кеспе қағаздар т. б.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім.
Бағдарлау - мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Қонақтар күту.
Құрметті, қонақтар, хош келіпсіздер! Жоғарыдан орын алыңыздар. Сіздер ауылға келген қонақсыздар. Құда-жекжат, ауыл ақсақалдары жоғарғы үстелге. Ағайын-тума, көрші-көлем екінші үстелге.
Бүгінгі тойымызда жақсы тілекпен жайғасыңдар.
Психологиялық тренинг
(Тостағанмен қонақтарға ақтан дәм татқызу)
(Тапсырмаларды тостағанға салып беру)
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық - орындаушылық кезең
1 - тапсырма
2 класс
Ағайын - тума: Әдеп туралы мақал-мәтелдер айту.
Көрші-қолаң: Мәтінді толық мазмұндау.
3 класс
Құда - жекжат: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер (көрініс көрсету)
Ауыл ақсақалдары: Балаң жақсы болса деген мақалды қалай түсінесің?
2 - тапсырма
(Үн таспадан ән тыңдау)
2 класс
Ағайын - тума: Үнтаспадан тыңдалған әннің авторы кім?
Көрші - көлем: Қадыр Мырза Әли туралы не білесің?
3 класс
Құда - жекжат: Бұл өлең қалай аталады?
Ауыл ақсақалдары: Осы өлеңде айтылғандай, біздің қазақ халқы қандай?
3 - тапсырма
Табақ тарту
3 класс
Құда - жекжат: Қонақ туралы өлең шығару
Ауыл ақсақалдары: Өзің қонақты қалай қарсы аласың?
2 класс
Ағайын - тума: Көз - адамның айнасы дегенді қалай түсінесің?
Көрші - көлем: Қонақ туралы мақал-мәтелдерді айту
4 - тапсырма
2 класс
Ағайын - тума:
Көрші - көлем:
Қожанасырдың тойға баруы
(мәтінді мазмұндау)
3 класс
Құда - жекжат:
Ауыл ақсақалдары:
Мына отбасында қандай қонақ күту мәзірі жүріп жатыр деп ойлайсың?
ІІІ Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық - бағалау кезең
Үйге тапсырма:
2 класс. Мәтінді мазмұндау. Тәжірибе жасау.
3 класс. Мәнжазба жазу