Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Футбол. Ортақ етісті қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Дене шынықтыру
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Сөздік диктант: ветер, быстрый, движение, уровень, тройной.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Диалогті өзара оқу
2. Диалог ішінде кездесетін сан есімдерді жазып алу, реттік сан есімге айналдыру.
Үлгі: 11 - он бір, он бірінші
100 - жүз, жүзінші т. б.
3. Ортақ етістің жұрнағын, оның ережесін еске түсіру. Диалогтан етістіктерді теріп жазып, оларға ортақ етістің жұрнағын жалғап жазу.
Үлгі: білесің - білістің
Шыққан - шығысты
Өзгерді - өзгерісті
Болады - болысты т. б.
IV. Жаңа сабақты бекіту. 2 - тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, тіркесті сөздерді жазып алу.
1. Футбол ойыны қарсыластырының қақпасына допты көбірек соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.
2. Алаңда ойыншыларға қолын допқа тигізуге тыйым салынады.
3. Ойынның ұзақтығы - әрқайсысы 45 минут болатын екі кезеңнен тұрады.
V. Сабақты қорыту: Жазылым - 4 - тапсырмадағы сөздердің қосымшаларын қойып жазыңдар.
1. Мен қызықты футбол ойыны... көрсем бе деп едім.- Мен қызықты футбол ойынын көрсем бе деп едім.
2. Футбол ойыны... билет... қай жерден алуға болады? – Футбол ойынына билетті қай жерден алуға болады?
VI. Үй тапсырмасын беру: Футбол туралы әңгімелеу
VII. Бағалау
Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау