Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
Тіл – білім мен достықтың кепілі.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстандағы мемлекеттік тіл және үштілділік.
2. 2. Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
"Тіл тағдыры, ел тағдыры"
І. Кіріспе
Елбасы Қазақстан - 2050 Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы ой қозғайды. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Сондықтан да өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Осы мақсатта Қазақстан тарихы және жаңадан енгізілген Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері - оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту, сонымен қатар қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған моральдық – адами құндылықтарын меңгеруге ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл мәселе 1997 жылғы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 даму стратегиясының өзінде ұсынылған болатын. Шынымен де қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да тарихты объективті оқыту және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
2. 1. Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси - экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30 - дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.
Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат - 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған Қазақстан - 2030 даму стратегиясы куә. Қазақстан - 2050 Стратегиясы бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады, ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек - деген болатын Елбасы. ----
Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, сондай - ақ жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын емес.
Мектепке дейінгі деңгейден және бірінші сыныптан бастап қазақ тіліне толық енуді қарастырады.
Тілдік ортаға толық ену – белгілі бір тілді толыққанды үйретуге бағытталған бірден - бір тиімді әдіс болып табылады. Қазіргі күні Талдықорған қаласындағы НЗМ - нің балабақшасында апробациядан өткізілуде. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, Талдықорған және Көкшетау қалаларындағы НЗМ - нің 1 - сыныптарында енгізіле бастайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуына аса мән береді. Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіру факторы. Орыс тілі – ұлтаралық қарым - қатынас тілі. Ағылшын тілі – халықаралық білім кеңістігіне ену тілі - деген болатын.
Десек те, жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады, - деп елбасы соңғы жолдауында атап өтті.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады – деген сөзінен оның ішіндегі жанайқайын ұғынғандаймыз.
2. 2. Ғұлама ақын Абай, өз халқын орыс тілін оқуға, орыс әлемін ашуға шақырғанда, орыс тілі, орыс мәдениеті арқылы біз әлемнің есігін аша алатынымызды түсінген Абайдың арманын енді танып отырған сыңайылымыз. Шынында да ХХІ ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды, өз болмысымызды сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемнің техникалық және гуманитарлық үрдіс жоспарының тетігіне айналу мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын тілі арқылы жете аламыз.