Экраннан сұрақ

Скачать

Ана тілі. Тақырыбы: Әже Фариза Оңғарсынова

Мақсаты: 1. Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. Ана туралы өлеңді пысықтап, Әже өлеңімен таныстыру.
2. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой-өрісін, шығармашылығын қаблеттерін дамыту.
3. Оқушылардың үлкенге – ізет, кішіге – қамқор бола біліп, ата – ананы, әжені сыйлай білуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.

Сабақ әдісі: Ойын арқылы ой тарату, ой шақыру, ашық пікір, сұрақ жауап. Ойын технологиясы, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ түрі: Ойын, жаңа сабақ меңгеру.
Көрнекілігі: Жүргізуші – бейджик. Бүгінгі оқушы бейджик. Сызбалар, видеокамера, интерактивті тақта өз әжелерінің фотосы. Ф. Оңғарсынова суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері ойыны.
Қуанамын мен де (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де (досын көрсетеді)
Қуанайық достарым (екі қолын екі жаққа көрсетеді)
Арайлап атқан күнге.
Балалар!
Осы Шаттық шеңберінде бір – бірімізге деген ыстық ықылас, көтеріңкі көңіл күй тілейік. (Отырыңдар)
ІІ. Өткен материалды қайталау.

Қазір бізде ана тілі сабағы. Біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде болады. Математика сабағында қазіргі қыс мезгілінде елімізде өтіп жатқан Азиада ойындарына арнаған едік. Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?..............
Көктемнің алғашқы күндерінде қандай мейрамды қарсы аламыз?.................
Иә, балалар, алдымызда аналар мейрамы келе жатыр екен.
Ендеше біз бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат адам – Аналарға арнаймыз.
Өтілген тақырыптарды қайталамас бұрын, барлығыңызды бүгінгі Бетпе-бет студиясының қонағы болуға шақырамыз. Алдымен жүргізуші сайлап алайық. Бүгінгі Бетпе-бет студиясының жүргізушісі
Сайлаубекова Айтолқын – менің алдыңғы сыныптағы үздік оқушым.
- Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі Бетпе-бет студиясының қадірлі қонақтары. Студияның қонағы ретінде 3 – қатардан, яғни үш топтан
1-1 оқушы шақырылады.............
Келіп студия төріне орналасыңыздар.
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар.
Сіздерге студия қонақтары және теле көрермендер өз сұрақтарын жолдайды. Соларға жауап берулеріңізді сұраймыз. Жауап толық болмаса, басқа қатысушылардың толықтыруына болады. Ал ендеше алғашқы сұрақты телекөрермендеріміз жолдайды.
Қайырлы күн Бетпе-бет студиясының қонақтары. Менің сұрақтарым мынадай.
Ана тілі пәнінен қазір өтіліп жатқан тараудың аты қандай?
осы тараудағы мәтіндердің негізгі ойы қандай?
Жүргізуші:
Иә, құрметті қонақтар, бұл сұраққа кім жауап береді?
Бұл тарау қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым деп аталады. Бұл тараудағы мәтіндер бізді үлкенді сыйлауға баулиды. Адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.
Жүргізуші:
Келесі сұрақты студия қонақтары жолдайды. Фариза Оңғарсынова кім? Ол кісі туралы не білесің?
Ф. Оңғарсынова Қазақстанның халық жазушыны Қ. Р. парламент мәжілісінің депутаты. 1993 жылы 5 желтоқсан Атырау облысы, Монаш ауылында дүниеге келген.
Экраннан сызба шығады
Біз Ф. Оңғарсынованың Жылу атты өлеңімен таныстық
Жүргізуші: Келесі сұрақты тағы теле көрермендеріміз жолдайды.
Экраннан сұрақ.
1. Жылу өлеңін әр топтан 1 – 1 оқушы 1-1 шумақ айтып шықса деймін.
2. Ал студия қонақтары сол өлеңге сүйене отырып, төмендегі сызба сұрақтарына жауап берсе деймін.
Сұрақтар
Берілген сөз
(Айдай сұлу) қандай?) Анам
(Анамның) кімнің? Құшағы
(Күн көзіндей) қандай? Жанары
(Анамның) кімнің? Сүті
(Күннің) ненің? Нұры
Жүргізуші: Келесі сұраққа назар аударыңдар.
Экраннан сызба.
- Ана баласын жақсы көргенін білдіретін сөздерді атаңыздар.
Құлыным, ботам, еркетайым, қозым

Ананың қалауы қандай? Баласы қандай болып өссе деп тілейді:
Сызба шығады:
Жауап:
Жүргізуші: Сендерге үйге өз анасына арнап 4 жол өлең жазып келу тапсырылған. Кім шығып өз өлеңін оқып береді?
4 – 5 баланы таңдау.

ІІІ. Жаңа материалға дайындық.
Рахмет, балалар, бір – біріңе дұрыс сұрақ қоя білу арқылы өтілген материалдарды меңгергендеріңді аңғардық. Сонымен, дүниеде адамға ең қымбат – ана екен. Ананы
ешқашан ренжітпеу керек. Өмір бақи аналарыңды сыйлаңдар. Аналарыңды арқалап Меккеге 3 көтеріп апарсаң да, ана қарызынан құтылмайсың деген сөз бар.
Күннің шуағы жылы болса,
Ананың құшағы жылы екен.
Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Сөзжұмбақ экраннан шығады, балалардың тапқанына қарай сөз шешімі жазылып отырылады. (132 бет сұрақтары да сол бетте)
IV. Жаңа материал.
Ф. Оңғарсынованың фотосы шығады. Балалар, бұл өлеңді де жазған Ф. Оңғарсынова апамыз екен. (Өмір баяны тағы 1 рет көрсетіледі.)
Балалар Әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді? Әже қандай адам? Ассоцияциялық аймақ құрып көрейік.

Оқулықпен жұмыс. 133 бетті ашыңдар
1) мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы
2) Ал енді балалар, бұл өлеңді тізбектей оқып беріңдер. (Әрқайсына 2-2 жолдан оқыту)
3. Осы өлеңді әуенмен айтып, бір серігіп алайық. Сергіту сәті.
4. Балалар, мен сендерге үйден әркім өз әжесінің фотосуретін алып келсін деп тапсырғанмын. Қане, кім өз әжесі туралы айтып бере алады. Әжелер фотосы экраннан шығады. 2-3 балаға әңгімелету.
Дәптермен жұмыс. Сызба экраннан да шығады. Ақын сөздер арқылы сызба толтырайық. Сендер қосымша дәптерлеріңде жазыңдар.
Ақын қолданған көркем сөздер Мағынасы
Ашынып
Асырып
Тосып Ренжіп, ашулану
Мақтап, шаттанып
Берік
6. 133 бет 7 тапсырма
Берілген екі жол өлеңге тағы екі жол қосып өлең шығарайық.
өз бетімен жұмыс. 1 – 2 минут ойлану 3 – 4 баланы тыңдау.
7. Балалар, 2 өлеңнің мазмұнын сызба бойынша салыстырып көрейік.

V. Бекіту. Сонымен балалар біз бүгін қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім? Салыстыру ұқсастығы мен айырмашылығы.
Сабағымыздың соңында.
Даналық ағашы ойынын ойнаймыз. Бұл ойынға барлығымыз қатысамыз.
Осы бүгін өтілген өлең бойынша сұрақ құрыңдар. Ол сұрақты келесі қатардағы оқушылар жауап береді.
VІ. Сабақты бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау Менің сүйікті әжем әңгіме жазу.


Скачать


zharar.kz