І Жүр: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
ІІ жүр: Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүргізуші: Қажымас қайрат,
ІІ жүргізуші: Шығармашылық табыс,
І жүргізуші: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз өздеріңізге арналады.
Нәби
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Сымбат
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Сәулет Нұрсұлтан
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Әліби
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Айсұлтан
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
Хор Ұстазым
1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой - арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.
2. Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…
1 - жүргізуші
Сәулет, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
2 - жүргізуші:
Ал ендеше баста.
1 - Жүргізуші: Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау ,
2 - Жүргізуші: Ұстазға қарап шәкірт өседі
1 - Жүргізуші: Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр
2 - Жүргізуші: Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла
1 - Жүргізуші: Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы
2 - Жүргізуші:
Самат, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. кезекті сыныптастарымыздың өздері жақсы көретін ұстаздарына деген слайдтарға берсек.
(слайдтар бітет кезек кезегімен айтады)
1 - Жүргізуші жақсы оқушылар сіздерге де осы ұстаздар сияқты ұлы тұлға болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
1 жүргізуші:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал - бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2 жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
Мирамгүл апай: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
Қаламқас апай: Ұстаз болу жүректің батырлығы дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
Алтынай апай: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
2 - жүргізуші
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
1 - жүргізуші
Ұстаз мейірі - Ана мейірімі пара - пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Толық нұсқасын жүктеу