Сайыстың тақырыбы: Тарих – ғасырлар куәсі .
Сайыстың мақсаты: 1.Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру.
2.Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу
3.Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, сайыстың
жоспары ілінеді.
Сайыстың барысы: ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ, - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.Олай болса бүгінгі: Тарих-ғасырлар куәсі атты сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1...
2...
3...
І-тур.Таныстыру.(5 балл)
ІІ-тур.Сәлемдесу. (5 балл)
ІІІ-тур.Танымдық сұрақтар. (5 балл)
7 а сыныбына:
1.Түркеш қағанатының астанасын ата:
Жауабы: Суяб, екіншісі Ордабасы-Іле бойындағы Күнгіт.
2.Қимақ қағанатының тарихи шеңбері:
Жауабы: ІХ ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың басы.
3.Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, фаракия, лазана.
4.Қазақстандағы ең ірі сәулет орындарын ата:
Жауабы: Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибрахим ата т.б.
5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?
Жауабы: Шегу қаған.
7 ә сыныбына:
1.Батыс түрік қағанатының тайпаларын ата:
Жауабы: Барлық түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін т.б.
2.Оғыз мемлекетінің астанасын ата:
Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия)
3.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы:
Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.
4.Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?
Жауабы: Сатұқ Боғра –хан.
5.Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?
Жауабы: Ұмай анаға.
7 б сыныбына:
1 .Сардоба деген қандай құрылыс?
Жауабы: Құдық үстіне салынған ғимарат.
2.Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?
Жауабы: Қаған.
3.Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?
Жауабы: 965 жылы.
4.Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі:
Жауабы: Земарх.
5.Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған?
Жауабы: 20 жылға.