ОттегіАуада тыныс алу мен жануды қолдайтын түссіз, иіссіз және дәмсіз бір газ бар

Скачать

Оттегі
Ауада тыныс алу мен жануды қолдайтын түссіз, иіссіз және дәмсіз бір газ бар. Бұл – оттегі. Барлық тіршілік иесі күн сайын орасан көп оттегімен тыныс алады. Ал біздің планетамызда күн сайын жағылатын ірілі - уақты пештің саны қаншама десеңші. Олар тек үй жылыту пештері ғана емес, өндірістік пештер – домна, мартен, өртеу пештері.

Жасыл өсімдіктер болмаса, біз оттегі жетіспей баяғыда-ақ тұншығып қалған болар едік. Олар күн сәулесі түскен кезде ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады да, оның жер атмосферасындағы қорын толықтырып отырады.
Оттегі ауада ғана емес, басқа жерде де бар. Ол сутегі газымен қосылып су түзеді. Жер қыртысындағы әрбір екі атомның бірі оттегі болып табылады.

Бұдан екі жүз жылдай бұрын адамдар оттегі барын білмеген. Тек 1770 ж. химиктер кейбір заттарды қыздырғанда газ бөлінетінін, онда май шам ауадағы тәрізді жанатынын байқаған. Француз ғалымы Антуан Лавуазье бұл газдың жебір сұйықтық, яғни қышқылдар түзуге қатынасатынын ашқан. Сондықтан оны Лавуазье латын сөзімен оксигениум - қышқыл түзуші деп атаған. Оның оттегі деген қазақша аты бұдан гөрі қасиетіне толық сәйкес келеді: от тудырушы деген мағынаны білдіреді.


Скачать


zharar.kz