Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында

Скачать

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.

Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңғырту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең - кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт - дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата - ананың сапалы түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан - жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, олардың білімді де, білікті, парасаты мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі тәлім - тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығармаған жөн. Десек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал, біздің, ұстаздардың келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан - жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан - жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.


Скачать


zharar.kz