Ашық сабақ 6 сынып. Математика
Рационал сандарды салыстыру.
“Жеті қайқы” Маңғыстау әдебиетімен байланыстыра өткен интеграциялық сабақ. Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру.
Сабақ мақсаты: білімдік: Рационал сандарды салыстыруда, сандардың координаталық түзуде орналасуын есеп шығаруда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының білім алуда жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сұрақты дұрыс тыңдап, дұрыс жауап беруге, жолдастарының сөзін тыңдап, оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Интеграциялық сабақ, (Математика сабағын Маңғыстау әдебиетімен байланыстыра отырып, оқушы зейінін тәрбиелеу)
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ әдісі: Шығармашылық ізденіс, практика бетшелері.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру(Оқушы зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын тексеру).
Сабақтың эпиграфы:
“Көп болыпты халқымның”
Сақиы менен сайқысы,
Кімдер еді атақты,
Адайдың жеті қайқысы!”
Сабақтың бөлімдері:
Оқушыларға Адайдың жеті қайқысы аталып кеткен, әншілер кімдер, неге жеті қайқы аталғаны туралы айтып өту.
1 - бөлім. Жылгелдінің жылжымалы істері(Үй тапсырмасын сұрау)
2 - бөлім. Өскенбайдың өткелдері. (Өтілген материалдар бойынша сұрақтар арқылы өткен сабақтарды пысықтау)
3 - бөлім. Әділдің ақпарламасы.(Жаңа сабақ: Рационал сандарды салыстыруға есептер шығару) А - тобындағы есептерді шығару.№351,№358, №358 есептер.
4 - бөлім. Шолтаманның шапағаты.(Сергіту сәті “Сандар әлемі” топтастыру стратегиясы бойынша өтілген сандар түрлерін жазады. Мысалы: натурал сандар, құрама сандар, жай сандар т. с. с)
5 - бөлім. Тастемірдің тапсырмалары. В - тобындағы есептерді шығару.№363, №364 есептер.
6 - бөлім. Тұрсынның таразысы. (Тез орындалатын “Сәйкестендіру тест” беру, дұрыс орындалса, Тәулікті 24 сағатқа бөлген ғалымның атын оқисыңдар (Птоломей), деп жазып қоюға болады)
7 - бөлім. Досаттың достық әзілдері. Логикалық есептер беріледі. Ондай есептер оқушы зейінін ашады, сабаққа оқушы қызығушылығын арттырады.
Қорытындылау
Оқушыларды бағалау, Үйге тапсырма беру №363,№365 есептер, “Рационал сандар тарауын қайталау”
Сабақтың соңын хабарлау, оқушы күнделіктеріне бағаларын қою.
Сабақтың әр бөлімінде тапсырмалар орындалып, содан соң Адайдың атақты әншілері туралы айтып, олардың суреттерін слайдпен көрсетіліп, таныстырылды.