Атқан аңның тапсырмасын орындау

Скачать

АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосып, алуды қайталау. 8санының құрамымен таныстыру.
Оқу - тәрбиенің міндеттері: Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқу - танымдық, коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктерін, ойлаудың математикалық стилін, логикалық ойлау құрылымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік, экологиялық тәрбие және салт - дәстүр ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты - коммуникативтік технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайд, суреттер оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
- Балалар мен сендерге дайындап әкелген сұрақтарым бар еді, сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші! Ендеше Ойлан тап ойынын ойнайық.
1. Біздің мемлекетіміз Қазақстан
2. Елімізді кім басқарады? Елбасы
3. Елбасы кім?
4. Қазақстан мемлекеті қандай? Тәуелсіз егеменді ел
5. Алда қандай мереке келе жатыр? Тәуелсіздік алған күн 16 желтоқсан
6. Ұлтымыз және тіліміз? қазақ
7. Әр ұлттың ұлттық несі болады? салт - дәстүрі
- иә дұрыс айтасыңдар балалар.
- Олай болса бүгінгі сабағымызда осы қазақтың ұлттық ойындарын ойнайық

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Өткенді еске түсіру ханталапай ойыны асықтағы жазылған сандар арқылы сан құрамдарын еске түсіру
Ережелерді еске түсіру.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ:
Бәйге ойыны 1 - есеп
Шарты: қиярларды екі тарелкаға бөліп салу, яғни шапшаң тез ойлап табу.
7 1
2 6
5 3
4 4

Теңдіктер құр. Оларды оқы: ережелерді еске түсіру
7+1=8
6+2=8
5+3=8
8 - 1=7
8 - 2+6
8 - 3=5

Ақсүйек ойыны
Шарты: түн дегенде көзімізді жұмамыз, күн дегенде ашамыз. Егер ақсүйек кімнен табылса сол бала тапсырма орындайды.
2 - есеп Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
8см 7см 6см
8см 7см
7см 6см
8см 6см

Теңге ілу ойыны
Шарты: теңгені іліп алып, тапсырмасын орындау.
3 - есеп Берілген фигуралардан өрнектер құру:
2+1=3
4 - 2=2
3+1=4
3 - 1=2

Сергіту сәті:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй, әй, балақай,
Жамандықтан қаш.
Бүркіт салу ойыны
Шарты: мергендікпен аңдарды көздеу. Атқан аңның тапсырмасын орындау.

4 - есеп Салыстыр:
0 6см
5 5см
8 - 5=7 - 4
2+4 0+3
7 - 4=8 - 5
8 - 3


Скачать


zharar.kz