Бұлшық еттердің жұмысы

Скачать

Тақырыбы: §28Бұлшық еттердің жұмысы.
Бұлшық ет қозғалысының реттелуі
Мақсаты: А) Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру
Б) Қаңқа бұлшық еттері тез жиырыла алуға қабілеттілігі мен таныстыру және кез келген буында
қозғалуды қарама - қарсы әрекет ететін екіден кем емес бұлшық еттер іске асыратынын баяндау арқылы білімдерін дамыту
С) Оқушыларды күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын орындауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: диаграммалар, сұрақтар, суреттер, сантиметрлік жұмсақ таспа, электронды оқулық
Түрі: Ашық сабақ, зертханалық жұмыс
Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Көлденең жолақты бұлшық еттің құрлысы қандай?
2. Қаңқа бұлшық еттерін қандай топқа бөлеміз?
3. Мимикалық бұлшық еттерге қайсы бұлшық жатады?
4. Дене бұлшық еттері қандай қызмет атқарады?
5. Көкет және қалай атаймыз?

III. Жаңа сабақ
Бұлшық еттер жиырылғанда иінтірек сияқты әрекет етіп сүйекті қозғалысқа келтіреді. Кез келген буында қозғалуды басқаратын бұлшықеттер саны екіден кем болмайды, оларды бүгу және жазу
бұлшық еттері атқарады.
Бұлшық еттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады, олардың әрекет үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын шынайы жағдайға бейімдейді және рефлекстік сипатқа ие болады.
Дене еңбегі болмаса бұлшық еттер әлсіреп, жансызданып сеніп қалуы мүмкін. Бұлшық еттер ұзақ уақыт дене еңбегімен айналыса қажуы мүмкін.
Қажу дегеніміз - бұлшық еттердің физиологиялық күйі. Демалған соң бұлшық ет қалпына келеді. Еңбек физиологиясын зерттеген орыс ғалымы И. М. Сеченев. Қажу орталық жүйке жүйесінде жүретін процестермен байланысты, сонымен қатар бұлшық етте жиналған зат алмасу өнімдеріне тәуелді.

IY. Қорытынды
Дене еңбегімен, дене шынықтыру, спортпен үнемі шұғылданып жүрген адам епті, дене бұлшық еттері жақсы жетілген, қимылдары үйлесімді де дәл болады. Денесі шыныққан адам күшті, төзімді, жұмысқа қабілетті келеді.

Y.№7 - зертханалық жұмыс
Организм дамуы мен өсу деңгейін анықтаудың антрометриялық әдісі

YI. Үйге тапсырма:§28. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет қозғалысының реттелуі
69 - 70 суреттерді дәптерге салу.
§27 - 28 тақырыптардан тесе жұмысын жазу.


Скачать


zharar.kz