Шартты өлшеуіштермен күн мен түннің ұзақтығын өлшеңдер

Скачать

Ақтөбе қаласы
№20 Дидар балабақшасының 1 санатты тәрбиешісі
Мукатова Жанылсын Беспайқызы

Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу - іс - әрекеті: Математика ( қ. м. ұ. қ )
Тақырыбы: Шартты өлшеуіштің көмегімен ұзындықты өлшеу
Мақсаты: Балаларды шартты өлшеуіштердің көмегімен ұзындықты өлшеумен таныстыруды жалғастыру; санның шартты өлшеуішті мөлшеріне байланысты екендігі туралы түсінікті қалыптастыру; тәулік бөліктері, геометриялық пішіндер, көктемнің бірінші айы туралы білімдер бекіту; өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Көрнекі құралдар:
1) Пальманың суреті
2) Керік
3) 5 маймыл
4) 10 калибри құсы
5) Тәулік бөліктері бейнеленген сурет
6) Сары тусті жолақ ( 50см )
7) Күлгін көк түсті жолақ ( 40см )
8) Шартты өлшеуіш ( 10см )
9) Жинақ полотносында 1 - ден 10 - ға дейін цифрлар

Үлестірмелі материалдар:
1) геометриялық пішіндер (үшбұрыштар, сопақшалар, көпбұрыштар, күлгін қызыл, сары, ашық көк және күлгін көк түсті тік төртбұрыштар).
2) жұмыс дәптерлері
3) қарындаштар
4) сары және күлгін көк жолақшалар
5) шартты өлшеуіштер

Сабақтың барысы
1. Тәрбиеші Африкадағы аңдардың пальманың биіктігін өлшеуге
қиналып, көмек сұрағандығын айтады.
Пальма тақтаға ілінеді, ал аңдар тәрбиеші үстелінің үстіне қойылады.
Тәрбиеші керік, маймыл, құстарды шартты өлшеуіш етіп алып, пальманың биіктігін өлшеуді сұрайды. Өлшеу нәтижесі цифрмен қойылады.
- Керікпен өлшенгендегі биіктік қанша? (2)
- Маймылмен ше? (5)
- Калибри құсымен ше? (10)
- Өлшеу кезінде неге әр түрлі сандар шықты?
- Ал пальманың биіктігі өзгерді ме?

2. Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші пальманы тор көздермен өлшеуді сұрайды. Маймылдың шартты өлшеуіші – 6 тор көз, ал калибри құсы – 3 тор көз. Балалар керікті өздері өлшеп, неше тор көз екенін анықтайды. Өлшеу нәтижелері дәптерге жазылады.

3.- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің бірінші айын атаңдар.
- Аңдар наурыз айындағы күн мен түннің ұзақтығын өлшемекші болды. Түннің ұзақтығын түнде ұйықтамайтын құс өлшеді. Ол қай құс? (Үкі).
- Күннің ұзақтығын ең мойны ұзын аң өлшеді. Ол қай аң? (Керік).
Тақтаға сары және күлгін көк түсті 2 жолақ ілінеді.
- Қалай ойлайсыңдар, қай жолақ күндізді, қай жолақ түнді белгілейді?
Неге олай ойлайсыңдар?
- Шартты өлшеуіштермен күн мен түннің ұзақтығын өлшеңдер.
Бір бала тақтада орындап, нәтижені цифрмен белгілейді, ал қалған балалар өз орындарында жұмыс істейді.
- Наурыз айында күн ұзақ па, түн ұзақ па?
4. Сергіту сәті.
5. Тәулік бөліктері дидактикалық ойыны.
Мақсаты: тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, жылдамдықтарын арттыру.

Ойынның барысы
4 бала тәулік бөліктері болады. Олардың қолында тәулік бөлігі бейнеленген карточка бар. Әр карточканың өз түсі және күн немесе жұлдыздар бейнеленген суреті бар. Қалған балаларда сондай түсті геометриялық пішіндер бар.
Балалар әрі - бері қозғалып жүреді. Тәрбиешінің белгісі бойынша тәулік бөліктері 4 бала рет - ретімен тұрады (таңертеңгіліктен бастап). Қалған балалар өздерінің тәулік бөлігінің артына тұрады.
- Сен неге таңертеңгіліктің артынан тұрдың? (Өйткені менде күлгін қызыл түсті көпбұрыш бар, бұл түс таңертеңгілік мезгілді белгілейді).
Осындай сұрақтарды тәрбиеші бірнеше балаға қояды.
Содан кейін ойын күрделене түседі. Тәулік бөліктері карточкасы басқа 4 балаға беріледі. Тәрбиеші белгі бергенде олар кешкі мезгілден бастап, ретімен тұрады. Қалған балалар өз орындарын табуы тиіс.
5. Дәптермен жұмыс.
- Сендер көктемде өзендерде мұз еритінін білесіңдер. Қоян өзен арқылы арғы бетке өте алмай тұр, сендердің көмектерің керек.
Егер бір мұз кесегі үш тор көзге тең болса, арғы бетке өту үшін қоянға неше мұз кесегі керек болады? Нәтижесін дәптерге жаз.
Сабақты қорыту.
- Түннен бастап, уақыт бөліктерін ата.
- Таңертеңнен, кешкі уақыттан бастап айт


Скачать


zharar.kz