Үйректер мен бақалар ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі Балалар музыка ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұрады

Скачать

Үйректер мен бақалар ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол, ақ мамам,- деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтылы берсін.
- 8 наурыз бүгінгі – халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды. Аяулы аналар, құрметті апалар, әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.
- Ал сендер, балалар, аналарың мен апаларыңның мерекелерімен құттықтауға дайынсыңдар ма? ия

1. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыңдар, қасиетті аналар.

2. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

3. Достықты да біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз,
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін ойлаймыз.

4. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Мен үшін не керек -
Бәрін іздеп табасың

5. Қуанышы ананың -
Қуанышы баланың,
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың.

6. Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман сау жүр, ақ мамам.

Ән Ақ мамам
орындарына отырады
Жүргізуші:
- Мінеки біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің аналарын қалай жақсы көретіндерін білдірді. Енді аналардың өздерінің балаларын қаншалықты жақсы көретіндерін біз қазір Өз балаңды тауып ал деген ойын арқылы байқап білеміз.
Ойын Өз балаңды тауып ал 2 рет

Жүргізуші:
- Біздің аналарымыз да өз балаларын өте қатты, жақсы көреді екен. Балалар, бүгін бізде аналарымызбен қатар апаларымыздың - әжелеріміздің мерекесі. Сондықтан балалардың жылы лебізін тыңдайық:
1. Сенен өскен балалар,
Бақыттылар, даналар,
Құттықтаймыз сіздерді,
Құрметті әже, апалар.
Үйректер мен бақалар ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі жүктеу


Скачать


zharar.kz