Математика пәні мұғалімі Аяна НарынбаевнаМатематика 5 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Математика пәні мұғалімі Аяна Нарынбаевна

Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Сабақтың мақсаты:
• Дұрыс бөлшектерді, бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйренеді;
• Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білуге үйренеді;
• Логикалық ойлау қабілетін арттырады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау (топтастыру, болжау, семантикалық карта)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар, рефлекция.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру. (2 минут)
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
в) сабақтың мақсатымен таныстыру;
г) сыныпты топқа бөлу(жетон арқылы).

II. Психологиялық ахуал. (1 минут)
Орыстың ұлы математигі Л. Ф. Магницкийдің:
Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң,
Бөлшекке келсең бұғылып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік! – деген сөзімен сабағымызды бастаймыз.

III. Үй тапсырмасын сұрау (1 минут).
Қызығушылықты ояту (5 минут)
Мағынаны тану (27 минут)
Топтастыру
Бөлшек

алымы
бөлімі
жай бөлшек
ондық
дұрыс бөлшек
бөлшек
бұрыс бөлшек
үлес (бөлік)
бөлшек сызығы
бөлшекті қысқарту

Болжау стратегиясы
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші.
Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz