Қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасының жеңімпаздары

Скачать

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы
№38 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы

Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі
Сахнада мерекелік шара жүргізушілері.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

2 –жүргізуші: Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей ұжымы ұйымдастырып отырған Білімді жастар – ел болашағы атты Жыл таланттары кешіне қош келдіңіздер!
1- жүргізуші Бұл күн - білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
2 – жүргізуші: Бұл күн - өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
1- жүргізуші: Бұл күн - әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!
2- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары - олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!

ӘН-шашу
1 –жүргізуші: Ең қабілетті де
2 – жүргізуші: Ең шығармашыл.
1 – жүргізуші: Ең мейірімді де
2 – жүргізуші: Тілалғыш.
1 - жүргізуші: Әділдікті сүйетін
2 – жүргізуші: және Адам жанын түсіне білетін,
1- жүргізуші: Бір сөзбен айтқанда, Жыл таланттарын жетекшілерімен қарсы алайық.
2 – жүргізуші: Сонымен, алдарыңызда, мектебіміздегі тұңғыш Жыл таланттарының қатысушылары.Олар – үздіктер,
1- жүргізуші: олимпиада жеңімпаздары,
2- жүргізуші: шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары,
1-мәнерлеп оқу шеберлері,
2- жүргізуші: жас ғалымдар,
1- жүргізуші: өнер тарландары,
2- жүргізуші: спорт майталмандары, өз жетекші мұғалімдерімен! Қарсы алыңыздар!

Музыка ойналады, оқушылар мұғалімдерімен сахнаға шығады.
1 - жүргізуші: №38 мектептің әр оқушысы математикадан
2 - жүргізуші: өнерден
1 - жүргізуші: химиядан
2 - жүргізуші: физикадан
1 - жүргізуші: әдебиеттен
2 - жүргізуші: спорттан
1 – жүргізуші: сайыстың әр қырынан жұлдыз болып жарқырап көріне алады.
Оқушылар орындарына отырады.

1 – жүргізуші: Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз.
2- жүргізуші: Біз - ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
2- жүргізуші: Талант - Жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге өзіңнің алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілік.

2-Құттықтау сөз Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің директорына беріледі.

1- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке – жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.
2- жүргізуші: Олай болса, сахнаға Жыл озаттарын шақырамыз. Өз-өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын жандар 5-9 сынып оқушыларын сахнаға шақырамыз.
Сахнаға 5-9 сынып оқу озаттары сынып жетекшілерімен сынып бойынша аты-жөнімен шақырылады. Мектеп атынан алғыс хат табыс етіледі.
Номер би (орта буыннан)

1- жүргізуші: Бұл оқушылар шығармашыл тұлғалар, олардың саны біздің мектебімізде көп емес, бірақ қолдарынан бәрі келетін, қиын кезде арқа сүйеп, кез-келген сайыстан өз орнын алып бере алатын 10-11 сынып оқушылары.
Сахнаға 10-11 сынып оқу озаттары сынып жетекшілерімен сынып бойынша аты-жөнімен шақырылады. Мектеп атынан алғыс хат табыс етіледі.
Номер ән (жоғарғы сыныптан)

2- жүргізуші: Білімді ұрпақ – ел болашағы . Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: еңбегіңімен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатыңызға сенемін деп жастарымызға сенім білдіреді.
1- жүргізуші: Сахнада ақылдылардың ақылдысы - әр түрлі ғылымдардың магистрлері - бүгінгі номинацияның ең биігі - Олимпиада жұлдыздары .
1- жүргізуші: Қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
2- жүргізуші: Қалалық математика пәні олимпиадасының жеңімпаздары: …… : ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
1- жүргізуші: Қалалық орыс тілі пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
2- жүргізуші: Қалалық химия пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
1- жүргізуші: Қалалық география пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
2- жүргізуші: Қалалық тарих пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
1- жүргізуші: Қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасының жеңімпаздары: ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
Сахнада ән орындалады.

2- жүргізуші: Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.
1- жүргізуші: Олай болса, Жас ғалымдар номинациясының иегерлерін қарсы алайық! : ……(Ғылыми жоба, конференция,шығармалар сайысының жеңімпаздары аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
Сахнада ән орындалады.

1- жүргізуші: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?
2- жүргізуші: Ата-бабаларымыздың қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, насихаттау жолында жүрген мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздарына да кезек келіп жетті. : ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады.

Кеш қатысушыларына арналған ән-шашу.
1- жүргізуші: Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллекттісі жоғары логикалық ойлаудың патшаларын ортаға шақырайық.
2- жүргізуші: Сахнада интеллектуалдық ойындардың жеңімпаздары, : ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)
Сахнада би орындалады.

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың исін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын.
1- жүргізуші: Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген Өнер тарландарын ортаға шақырайық.
2- жүргізуші: Жайық толқыны конкурсының, Әнші бұлбұлдар байқауының жеңімпаздарын қарсы алыңыздар! : ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)

Номер
1- жүргізуші: Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызда Спорт майталмандарымен байланыстырамыз. : ……(аты-жөні пән мұғалімімен шақырылады)

1- жүргізуші: Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті
Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,
- деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі – ұстаздық.

2- жүргізуші: Талантты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
Музыка ойналып,жоғары сынып оқушылары залдағы пән мұғалімдеріне гүл шоқтарын ұсынады.
1- жүргізуші: Бүгінгі құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші - мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарға да арналды.

2- жүргізуші: ИӘ, Бүгінгі күні біз мектеп сахнасында қаншама жұлдыздың жарқырап, биіктен көрінгеніне куә болдық. Болашақта жұлдыздарымыздың саны көбейіп, мектеп даңқын шарықтата түсетініне сеніміміз мол.
2- жүргізуші: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар;
1- жүргізуші: Әлемде егемен Қазақстан бар;

2- жүргізуші: Оның білімге ұмтылған , арманшыл ұрпағы бар;
1- жүргізуші: Ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар;
2- жүргізуші: Сол күнге үлкен сеніммен барайық!
1- жүргізуші: Қолымыздан қайрат,
2- жүргізуші: Санамыздан ақыл кетпесін!
Кеш әнмен аяқталады.


Скачать


zharar.kz