Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті". Жоғары моральдық құндылықтар деңгейінде барлығы ар - ұятпен бағаланады. Психологиялық ұят ар - ожданды алдын ала анықтайды, ал ұят пен борыш өзара әрекетіндегі адамгершілік пен мақсатқа ұмтылудың негізгі реттеушісі десек болады. Осы кәсіби мақсат "адамның кәсіби жетілу процесімен бірге" қалыптасады. Кәсіби ар - ұят өз кезегінде осы процестің табысты жағдайы болып табылады.
Ар - ождан, ар - ұят - ізгілік пен мейірімді, инабаттылық пен имандылықты білдіретін ұғым, қоғамда қалыптасқан нормаларға сай әр адамның өз іс - әрекетін бақылауын, ойлауын, сезімдерін, мінез - құлықтарын бағалауы.
Кәсіби ар - ұят қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болмайды, ал ұят басқалардың пікіріне бағытталады. Кәсіби ар - ұят іс - әрекет пен парыздың бағалануына қарай қалыптасады. Кәсіби ар - ұят парыздың орындалуына жетелейді. Кәсіби ар - ұят - адамның алдындағы кәсіби жауапкершілігі. Намыс — жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттердің бірі. Жауапкершілік - біреуге тапсырылған немесе белгілі бір іс - әрекет барысында оның қорытындысын өз мойнына алатын жеке адамның міндеттемелері. Осы жауапкершіліктің, кәсіби ар - ұят ретінде қалыптасуының күрделі сәті туралы Генри Форд былай деп жазады: "Менің табыстарымның құпиялылығы басқа адамның көзқарасын түсініп, заттарға оның және өзімнің көзқарасыммен қарай білу қабілетімде түр".
Ар - ұят жалғыз: "ол адамда не бар, не жоқ".
Кәсіби борышты, сананы, жауапкершілікті қалыптастырудың негізгі қозғаушы күші адамның өзін - өзі кәсіби жағынан тәрбиелеуі болып саналады.