Ақұштап Бақтыгереева
Ақ боран
Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған,
Алдымнан шықшы, ақ боран!
Сенің де келер көктемің,
Менің де бар ғой өткенім.
Даланы сүйген бозторғай
Жасқана қояр деп пе едің,
Сенің де келер көктемің.
Суытпа жүрек жалынын
Күтуге жетсе сабырың.
Өмірден ызғар көрмеген
Жылының білмес қадірін,
Суытпа жүрек жалынын.
Қайратымысың далайның,
Ашуымысың адамның? -
Сенің де даусың шырқайды - ау,*
Әніндей Мүхит бабамның,
Қайратымысың даламньщ...
Ақ боран маған ұнайсың,
Далаға қысқы қүмарсың9
Мінезі қатал жандардың
Сағыныш күйі шығарсың,
Ақ боран маған ұнайсың.
Алдымнан шықшы, ақ боран.
Шабытың болар сақтаған,
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған.
Алдымнан шықшы, ақ боран!