Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың мақсатын анықтау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар.
1. Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.
2. Тәрбиелік:Оқушыларды осы тақырып бойынша информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Мультимедиялық техникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Көрнекілігі: Оқулық, инетрактивті тақта, филипчать, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар.

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 мин) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.
-Балалар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олар көбінесе жұқпалы аурулар сияқты. Бұл ауруларды компьютерлік вирустар деп атайды.
Қазіргі заманда ел аузынан Компьютеріме вирус түсті , компьютерім вирустан ұшып кетті т,с,с сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істеміз? проблемалық ситуация

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған көбейуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті, шағын көлемді (200 ден 5000 байтқа дейін) компьютерлік программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Адамдарға жұқпалы аурулар бөгде ауырған адамдардан жұғады. Ал компьютерге зақымдалған дискета немесе зақымдалған файл арқылы түседі. Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" білінбейді.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.
Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда.


Скачать


zharar.kz