Әңгімені талдау

Скачать

Қазақ әдебиеті 7 - сынып
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің Көксерек әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мұхтар Әуезов өмірінен қысқаша мағлұмат бере отырып, Көксерек әңгімесін талдау, жазушының айтпақ ойын ұғындыру, Көксеректің түз тағысы екендігін дәлелдеу;
2. Дамытушылық: Ізденуге, ой - пікірін еркін ортаға салуға, тұжырым жасай алуға, салыстыра алу қабілеттеріне әсер ету;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға, әрбір қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: биология(жануартану), кино өнері
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтастыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, талдау, еркін ойлау, миға шабуыл, түртіп алу, мәнерлеп оқыту, кубизм, ой қозғау стратегиясы, Шаталовтың тірек - нүкте технологиясы, Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері . Тренинг арқылы топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, француз жазушысы Луи Арагонның Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Ол – ХХ ғасырдың аса ұлы жазушыларының бірі деген пікірі кім туралы?
- Ендеше, осы ұлы жазушы жайлы не білеміз?
1 - топ. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығынан слайд - презентация жасап әкеп, оны қорғайды.
2 - топ. Магнитті тақтада хронологиялық кестені толтырады. (сәйкестендіру тесті)

3 - топ. Топтастыру стратегиясы бойынша М. Әуезов туралы не білетіндерін топтастырады.

Миға шабуыл (сұрақ - жауап)
Ой қозғау. – М. Әуезовтің алғашқы әңгімелері қашан жазылды?
- Міне, осы ХХ ғасыр басында жазылған әңгімелерімен - ақ, М. Әуезов қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтерген. Оның алғашқы әңгімелерінің оқиғалары өмір шындығынан алынған. Онда қорғансыз, панасыз адамдардың тағдыры сөз етіледі. Әуезов әңгімелерінің ішіндегі тілі жатық жазылғаны - Көксерек . Әуезов осы бір әңгімесімен - ақ әлемдік деңгейдегі классик суреткер екендігіне көз жеткізуге болады. Ең алдымен, Көксеректің жазылу тарихына тоқталайықшы. Жазушыға қасқыр туралы жазуға не түрткі болды?

III Әңгімені талдау.
Шаталовтың тірек нүктесі. Мына тақтадағы суреттерге қарап, әңгіменің композициялық құрылысын кім айтып береді?
1. Әңгіменің басталуы
2. Байланыс
3. Әңгіменің дамуы.
4. Әңгіменің шарықтау шегі
5. Шешімі

Кубизм стратегиясы.
1. Суретте. – Балалар, кішкентай бөлтіріктен арлан қасқырға айналған Көксеректің портретін кім кітаптан тауып оқып береді.
2. Зертте. - Жазушыны қатты қызықтырған қасқыр қандай жыртқыш аң? Түз тағысы жайлы биология пәнінің мұғалімі айтып берсін.

3. Дәлелде. Рөлдік ойын (сот процесінен көрініс) – Осы сипаттауларға қарап, қасқырдың қолға үйретілмейтін дала тағысы екенін түсіндік. Ал, енді, осы Көксеректің адамға шабуыл жасауына не себеп болды? Өзін асырап, баққан Құрмашты неге өлтірді? Көксерек жауыздық іс - әрекет жасағанына кінәлі ме? Соны сот процесін өткізу арқылы анықтайық. Оқушылар алдын - ала сот, ақтаушы(адвокат), қаралаушы(прокурор), айыпкер болып бөлінген.
Сот төрағасы сот процесін ашық деп жариялайды. Қаралаушылар сөз алып, қылмыстық оқиғаға қысқаша шолу жасайды, осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныстарын айтады. Ақтаушылар, қаралаушылар, Көксеректің өзіне сөз беріледі де, сот үкім шығарады.

4. Салыстыр. (деңгейлік тапсырмалар)
- Әңгімені талдай келе түсінгеніміз, бала өліміне қасқыр емес, адамзаттың өзі кінәлі болып шықты. Адамдар табиғатқа шабуыл жасау арқылы оның тыныштығын бұзды. Табиғат - Алланың адамға тартқан сыйы, халық қазынасы екендігін түсінген жоқ. Жазушы әңгімесіндегі тобықтай түйін – табиғатты сүю, адам мен табиғат бірлігін сақтау, тұтастығын қорғау.
1 - топ. Джек Лондонның Ақ азу шығармасы мен М. Әуезовтің Көксерегін
2 - топ. Олжас Сүлейменовтың Волчата өлеңімен М. Әуезовтің Көксерегін
3 - топ. Шыңғыс Айтматовтың Жан пида шығармасы мен М. Әуезовтің Көксерегіндегі қасқыр мен адам психологиясын салыстыру.
5. Қолдан. Көксерек туралы ел не дейді? Қасқыр туралы мақал - мәтелдер.
6. Талда. Кемпірдің қарғысы.

ІV Әңгіме қалай аяқталушы еді? (Кемпірдің қасқырды қарғап, бастан бір тебуімен аяқталады)
Сұрақ: - Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен жазушының әңгімені аяқтауында не себеп бар?
Жауап: Бұл кемпірдің қарғысын мен Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы деп түсінемін. Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір - бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.

IV. Сабақ бекіту.
1. Көксерек және Шал кинофильмдері жайлы пікірталас
2. INSERT стратегиясы Кестені толтыру
V. Бағалау. VI. Үй тапсырмасы:


Скачать


zharar.kz