Жұмекен Нәжімеденов өлеңі
Бел балаң ем, өсейін бір шынығып,
заводтарда болат илеп, шыны үгіп.
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.
Жаңа ғана тәй - тәй басқан жасыңмын,
Сәби сынды талабым зор масқара.
Жаспын, бірақ жасық емен, жақсы ана,
еркелеп кеп мойыныңа асылдым.
Жомарт халық ұлы едім мен - жарқын жан
Әр сезімнің қанаты отқа шарпылған,
әр тамшымның түбіне ерек бал тұнған...
Салмақ алсам қорғасыннан сендегі,
жалтыл алсам деп ем сендегі алтыннан.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия