Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола тұрса да, ол туралы айтпасақ бақытты жұптарды қалай анықтаймыз?
Төменде бақытты жұптардың іс-әрекетін тізбелеп көрдік. Қарап көріңіз, мүмкін, сіз де сол әрекетті жасайтын боларсыз.
* Бақытты жұптар кездескенде немесе қоштасқанда бір-бірін жай ғана құшағына алып өбеді.
* Бақытты жұптар әлеуметтік желіге романтикалық өмірі туралы жарияламайды. Мысалы: Менің күйеуім бүгін әдемі гүл сыйлады т. б.
* Бақытты жұптар ұрсып қалса да, бір-бірінен теріс айналмайды.
* Бақытты жұптар көпшілік орында да бір-біріне жылы сөз айтып, қошемет көрсетіп отырады.
* Бақытты жұптардың әрқайсының бойында кемшілігі бар екенін біледі бірақ, олар оған назар аудармайды.
* Бақытты жұптар тек мерекеде ғана тілекші емес олар әрдайым тілеулес.
* Бақытты жұптардың атқаратын ортақ әуесқой істері болады, сонымен қоса жалғыз қалатын жеке кеңістігі де болады.
* Бақытты жұптар қандай жағдай болмасын бірін-бірі қолдап отырады. Мысалы:
- Жаттығу залына жазылсам ба, деймін?
- Әрине, барғаның дұрыс, денсаулығың жақсарып қалады.
* Бақытты жұптар үшін махаббат әрқашан бірінші орында.
Дайындаған: Жадыра