Мал атасы Дауыссыз дыбыстар

Скачать

Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мал атасы Дауыссыз дыбыстар. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. Мал атасы туралы түсінік беру.
ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларына молайту.
б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: Төрт түлік суреттері, жұмбақтар, тест тапсырмалары.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудар
Джигсо әдісімен топқа бөлу
(балалар 1, 2, 3 сандарын кезекпен айтып, сол сандар жеке – жеке топ құрады)
1-топ Құлыншақ 2-топ Ботақан 3-топ Қошақан

II. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Ой қозғау стратегиясы
Қоян мәтінін талдау. Басқа аңдар туралы сұрау. (әр тапсырма сайын жұлдызшалар беріп отыру)
Жаңа сабаққа дайындау. Ой шақыру стратегиясы
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар
- Бұл не?
- Бұл қой.
- Қойдың төлі не?
- Қойдың төлі - қозы
Екі айнасы бар, Екі найзасы бар
- Ол не?
- Ол сиыр.
- Сиырдың төлі не?
- Сиырдың төлі - бұзау.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ .
- Бұл не?
- Бұл жылқы.
- Жылқының төлі не?
- Жылқының төлі - құлын.
Маң - маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан .
- Бұл не?
- Бұл түйе.
- Түйенің төлі не?
- Түйенің төлі - бота.

IІІ. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар. Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. Төлді қалай шақырады? өлеңімен таныс боламыз. Мал атасы туралы білеміз. Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.



Скачать


zharar.kz