Есімшенің жұрнақтары

Скачать

Есімшенің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: Есімшенің жасалуы жайында толық мағлұмат беру.
Білімділік: Есімше - етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық: оқушыларға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өзін - өзі басқаруды қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету;
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, СТО, топтастыру, БҮҮ, өзара оқыту, семантикалық карта, бес жолды өлең.
Көрнекілік: Оқулық, мәтіндер, тапсырмалар, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау:
Ауызша: тест шешу
ІІІ. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса... ырысы
2. Есімше Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беріп,... я баяндауыш қызметін атқарады.
3. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
4. Қазақтың ұлттық аспабы?
5. Есімше бірде ашқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беріп,... қызметін атқарады.
6. Бірінші байлық...?
Жауабы: жер, бастауыш, етістік, домбыра, анықтауыш, денсаулық.

Есімше – етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш я баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көрген көзде жазық жоқ (көрген - анықтауыш); Көрмес түйені де көрмес (бірінші көрмес – бастауыш, соңғы көрмес - баяндауыш).

ІҮ. Өзара оқыту стратегиясы арқылы
Оқулықтан жаңа тақырыпты түсіндіру бір - біріне оқыту
Сызбаны толтырады.
Есімшенің жұрнақтары ------------ Мысалдар
1.
2.
3.

Ү. Тапсырмалар орындау
250 - жаттығу
Үлгі: есімше: кел - ген. Бұрынғы өткен шақ. ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ген деген жұрнақ арқылы жасалған

251 - жаттығу
Үлгі: түсінгенге – есімше; түбірі – түсін, - ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақты білдіреді, - ге – барыс септігінің жалғауы

ҮІ. БҮҮ кестесі бойынша жаңа ақпаратты толтыру

ҮІІ. Ойтолғаныс
Сабақты семантикалық картаның көмегімен қорытындылау.
Мысалдар ---- Өздік етіс ---- Өзгелік етіс ---- Ырықсыз етіс ---- Ортақ етіс ----- Есімше
Айтылды------------------------------------------------------ +
Жаздыр
Көрген жоқ
Айтармын
Айтыс
Киіндім
Көрсетті
Сөйлесермін
Бастамаспын
келмес
Бітірген
Барған
Келген
Сұрайтын

ҮІІІ.
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден құралған сөйлем
1 - сөзге синоним сөз

ІХ. Кері байланыс
Х. Бағалау
ХІ. Үй тапсырмасы:

Алматы облысы, Қаратал ауданы
МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтебаева Аида Ерғазықызы



Скачать


zharar.kz