Сыныптан тыс жұмыс
XXI ғасыр көшбасшысы - 2013
Жаратылыстану - математика бағытындағы оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында 6 сынып оқушы - ларымен интеллектуалды ойын өткіздім
Көрнекілігі: Мультимедия, қанатты сөздер, фишкалар, сигнал беретін бұйым т. б.
Барысы
Кіріспе.
Сәлем, достар, аман ба?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын бәріңді,
Білімдіден қалам ба?!
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін XXI ғасыр көшбасшысы - 2013 атты зияткерлік сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кен қанша алсаң азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Байқауға қатысушылар ортаға шығады.
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар,- дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырсын. Сайыскерлер өздері туралы бір - екі ауыз сөз айтады
Шын жүйріктер сыналады жарыста.
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс - мәре жақын ба әлде алыс па,- демекші қазылар алқасымен таныстырайық.
Қазылар алқасын таныстыру
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
I бөлім: Бәйге
II бөлім: Дода
III бөлім Ғажайып алаң
IV бөлім: Жұмбақ
V бөлім: Жорға
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей келе Шыңдарға биік қонғайсың дей отырып Бәйгені бастайық.