Егер мектепте тәлімгер болып істейтін маман, қазан айында жұмысқа қабылданса, ақылы демалысқа қай уақытта және қанша күнге шыға алады? ҚР Еңбек кодексінің 105 - бабына сәйкес қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
ҚР Білім тypaлы Заңының 53 - бабы 1 - тармағы 2) тармақшасына сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне ұзақтығы күнтібелік 56 күнге ақы төленетін жыл сайынғы демалысы берiледi.
"Ауданы әкімдігінің білім бөлімі" МКМ мен Қазақстан Республикасы Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ҚБ - нің арасында 2014 - 2016 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік тypaлы Келісімнің 5. 13. 1. тармағына сәйкес жұмысқа тамыз бен қазан айлары аралығында қабылданған педагогикалық қызметкерлерге бірінші еңбек жылы үшін ағымдағы оқу жылы аяқталғанда ҚР қолданыстағы заңдылығымен қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген ұзақтылықта аванс түрінде ақылы еңбек демалысы берiледi.