Қазақ тілі 6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
2. Төмендегі жинақтық сан есімдерге көптік жалғауларын жалғап жазыңдар.
3. Топқа бөлу: біреу, екеу, үшеу сөздерін септеу
4. Алматыға барғанда тақырыбына мәтін құрап жазу
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Төмендегі мәтіннен сан есімдерді теріп жазу:
Біреу есік қақты. Үйге екі досым келді: біреуі - Қанат, екіншісі - Мұрат. Сіңлім біреумен бірге кітапханаға кетіпті. Сенің үйіңе біреу келді ме? Менің бір ұлым бар. Екеуі де ұзын бойлы. Барлық жетеуі дүкенге кетті. Мұғалім төртеуіне рұқсат берді. Екіншісі – менің әжем.
V. Сабақты қорыту: пысықтау сұрақтарын қою:
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді?
- Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер.
- Реттік сан есім қалай жасалады?
- Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
VI. Үй тапсырмасын беру: ережені жаттау, алтау, жетеу сөздерін септеу
VII. Бағалау
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда. жүктеу
Басқа тақырыптағы сабақтарды қарау