Ауыспалы өткен шақ

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
41. Өткен шақ
42. Жедел өткен шақ
43. Бұрынғы өткен шақ
44. Ауыспалы өткен шақ
45. Диктант

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру, оның ішінде өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Мақсатты келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
2. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың.
Берілген мысалдардағы бітірді, оқыдым, асқансың деген етістіктер бітіру, оқу, асу қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
Өткен шақ

Жедел өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ

Жаттығумен жұмыс: 143 - жаттығу. Өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2. Келер шақ нешеге бөлінеді?
3. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?
5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Өткен шаққа бірнеше мысалдар жазу.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz