Сиқырлы сурет тапсырмасы

Скачать

Тақырыбы: Санға 4 - ті қосу және азайту тәсілдері
Мақсаты: оқушыларды 4 санын 2 мен 2, 3 пен 1 сандарынан тұратын қосу мен азайту тәсілімен таныстыру, арзан , қымбат ұғымымен байланысты есептер шығарту, өрнектің мәнін тапқызу. Қосынды мен айырманың компоненттерін атауымен сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды ұжымшылдыққа, үнемділікке, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Түрі: топтық жұмыс
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: семантикалық карта, санау материалдары, карточкалар, слайд.

Барысы:
Ұйымдастыру
Оқушыларды Сиқырлы сандар ойыны арқылы топқа бөлу.

1 топ – өрнектің мәні 3 - ке тең үшбұрыштар тобы
2 топ – өрнектің мәні 4 - ке тең төртбұрыштар тобы
3 топ – өрнектің мәні 5 - ке тең бесбұрыштар тобы
4 топ – өрнектің мәні 6 - ға тең алтыбұрыштар тобы

Топ ережесімен таныстыру
Өткенді қайталау
Ойлан, тап
Карточкамен жұмыс (өрнектің мәнін табу)
5+3
3+4
6+2
2+8
4+6
8 - 1
9 - 3
7 - 2
10 - 5
9 - 2
6+3
8 - 4

Жаңа сабақ
1. Суретпен жұмыс
Балапанға көмек ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
5 балапан мен 4 балапанды түрлі тәсілдер арқылы қосу

5 + 4 = 9 -------- 5 + 4 = (5 + 2) + 2 = 9
\ ------------- \
2 2 ------------ 2 2

9 – 4 = 5 ---------- 9 – 4 = (9 – 2) – 2 = 5
\ --------- \
2 2 ------- 2 2

2. Түсіндіре отырып, орында:
4+4=4+1+3=8
8 - 4=8 - 1 - 3=4
4+4=4+3+1=8
8 - 4=8 - 3 - 1=4
4+4=4+2+2=8
8 - 4=8 - 2 - 2=4

5+4=5+3+1=9
9 - 4=9 - 3 - 1=5
5+4=5+1+3=9
9 - 4=9 - 1 - 3=5
5+4=5+2+2=9
9 - 4=9 - 2 - 2=5

6+4=6+1+3=10
10 - 4=10 - 1 - 3=6
3+4=3+3+1=7
7 - 4=7 - 3 - 1=3

6+4=6+3+1=10
10 - 4 =10 - 3 - 1=6
3+4=3+1+3=7
7 - 4=7 - 1 - 3=3

6+4=6+2+2=10
10 - 4=10 - 2 - 2=6
3+4=3+2+2=7
7 - 4=7 - 2 - 2=3

Шығармашылық тапсырма: Сиқырлы пішіндер
Әр топқа тапсырма бөлініп беріледі. Әр топ өз суретіндегі фигураларды атайды.

3. Есепті шығар.
Сағыз 8тг, ал сіріңке 4тг тұрады. Сіріңке неше теңге арзан?
Сағыз - 8тг
Сіріңке - 4 тг ? тг арзан
Шешуі: 8 - 4=4
Жауабы: Сіріңке 4 тг арзан.
Балаларға есеп талдатылып, шығартылады, арзан, қымбат ұғымы түсіндіріледі.

4. Толықтыр:

Балалар тапсырманы ауызша түсіндіріп орындайды.

5 - тапсырманы Дүкен ойыны арқылы орындатамын.
Түлкіге 7 теңгеге не сатып алатынын балалар анықтайды.
Дәптер 6тг, қалам 8 тг, қарындаш 7 тг, сіріңке 4 тг, сызғыш 5 тг, чупа - чупс 10 тг.
Балалар, түлкі 7 теңгеге не алады?
7 теңгеге қарындаш немесе сызғыш алуға болады. Сіріңке де түседі, бірақ оны алмаған
жөн.

Сиқырлы сурет тапсырмасы.
Балалар суреттерге сай өрнектердің мәнін тауып, сәйкес түстермен бояйды.
10 – сары, 9 – қызыл, 8 – жасыл, 7 – көк.

Қорытынды
Балаларға ортақ сұрақтар қойылып, бүгінгі сабақ қорытындыланады. Мадақтау үшін балаларға жұлдызшалар таратылады.
Математикалық жұмбақ
Қазда бар екі аяқ,
Тауықта бар екі аяқ.
Екеуін қосып санасақ,
Болады сонда неше аяқ. (4)

Бес алманың үшеуін досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады. (2)

Далада тұр екі ешкі, қорада тұр екі ешкі,
Болады сонда неше ешкі? (4)

Екі қойдың неше басы бар? (2)

Үш қойда неше көз бар? (6)

Мысықта неше мүйіз бар? (жоқ)

Сиырда неше мүйіз бар? (2)


Скачать


zharar.kz