Күбі қандай бұйым

Скачать

ОҚО, Шымкент қаласы,
№55жалпы орта мектеп сызу, технология пәні мұғалімі
Назаров Батырхан Досболович

Сабақтың тақырыбы: Күбі. Күбіні қолдану әдістері.
Сабақтың мақсаты: Ертеден қолданылып келе жатқан бұйым күбі туралы мағлұмат беру Қалай қолдануды көрсету және үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, күбі туралы толық мағлұмат алады, қалай қолдану керектігін үйренеді. Тарихын біледі. Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, интерактивті әдіс тәсілдер, Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма беру, жеке жұмыс, диалог.
Дереккөздер: Интерактивті тақта, нотбук, интернет, слайдтар, оқулық технология 8сынып Мектеп 2008ж. Қазақтың қолданбалы өнері Д. Шоқпарұлы, Д. Дәркембайұлы, Алматыкітап 2007ж. Мұражай бұйымдары
Мерзімі:
Сыныбы: 9 А сыныбы
Сабақ өткізген мұғалім: Назаров Батырхан Досболович
Мұғалімнің іс әрекеті
1. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, түгелдеу.
Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында әр топ бір біріне тілек айту.
Өткен тақырыпта өтілген ұршықтың бөлік атауларынан топқа бөлу Ұршық , Қаңғалақ , Мұрындық .
Топтық жұмыстың ережесімен тәртібін: берілген тапсырмадан ауытқып кетпеулерін түсіндіру. Топ басшыларын бекітіп, міндеттерімен таныстыру. Топтық жұмыс кезінде тәртіп сақтауды түсіндіру.

2. Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ жауап.
Ұршық туралы не білеміз?

1. Шебердің жұмыс істейтін орнын қалай деп атайды?
2. Ұршықты не үшін пайдаланамыз?
3. Ұршықты қандай ағаштан жасайды?

4. Үй тапсырмасын сұрау.
Күбі қандай бұйым? Күбі туралы не білесің?

5. Жаңа тақырыпты оқып білу.
Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын түсіндіру.
Миға шабуыл.
Тұсаукесер: Интерактивті тақтада Күбі туралы слайдтар көрсету.



Скачать


zharar.kz