Тақырыбы: Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының түстен кейінгі бос уақыттарын тиімді өткізу. Концерттік бағдарламалар арқылы балаларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа баулу.
Көрнекіліктері: Плакат, шарлар, слайд.
Барысы:
І жүргізуші: Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,
Махаббат біреулердің күлкісі дер.
Махаббат жүректерді жаулап алған,
Махаббатты өмірде кім түсінер?
ІІ жүргізуші: Құрметті, жиылған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз, көрермен, сергісін бой.
Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі атты сауық кешімізге келген, көрермендер, армысыздар?!
І жүргізуші: Кешегі күн жалғасып бүгінменен,
Уақыт зырлап барады дүбірменен.
Дүбірдің дүмпуімен дүниедегі,
Бұл өмірдің өткені білінбеген.
ІІ жүргізуші: Болмасаң да маған серік, маған жар,
Сені ойлап көңіл әр кез алаңдар.
Ай бетіне салдым аппақ бейнеңді
Таптап кетіп жүрмесін деп табандар.
Би: Қадырова Динараның орындауындағы үнді биін қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
ІІ жүргізуші: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім!
І жүргізуші: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
ІІ жүргізуші: Жел боп қуып, ақыры жетер едім!
І жүргізуші: Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
ІІ жүргізуші: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім!
І жүргізуші: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
ІІ жүргізуші: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін!!!
І жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің.
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің,
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің???
ІІ жүргізуші: Иә, махаббат – біреуге қуаныш, екіншісіне жұбаныш болған ұлы сезім ғой, шіркін...
І жүргізуші: Махаббат демекші, Айназ, мен саған осы тақырыпта бір жаңалық айтып берсем...
ІІ жүргізуші: Иә... Иә...
І жүргізуші: Вэн Чанлинь мен Чжан Фэн алғаш рет Вэн қыздың науқас әкесіне күтім жасап жүргенде таныс болатын. Ол Қытай деревнясындағы танымал емші еді. Ол кезде оның жасы 60 - та, ал Чжан 15 - те ғана болған.
ІІ жүргізуші: Емші қыздың әкесін емдеп жүрген кезде қызға қандай да бір қызығушылық танытқан емес, үнемі алыстан сөйлесетін. Ал әкесі қайтыс болысымен бойжеткен Вэнге өзінің ғашық екенін жеткізіп, үйленейік деп жалынып жалбарынады.
І жүргізуші: Ол кезде бойжеткен 27 - де, болашақ күйеу 72 - де еді. Көп ойланбастан Вэн келісім береді. Бұл жұптың Тиан есімді ұлдары дүниеге келіпті жуырда...
ІІ жүргізуші: Чжан мен Вэн бір - бірін шын жақсы көріп, бақытты өмір сүруде деседі.
І жүргізуші: Иәәә... Тылсым дүниенің ғажайыптары таусылған ба?! Жаратқанда ұлт жоқ, махаббатта шек жоқ деген бар емес пе?!
Музыкалық үзіліс: _______________________________________________
І жүргізуші: Махаббат – биік шыңы сезімдердің,
Мен бүгін түні бойы көз ілмедім.
Махаббат па, балалық па, білмедім,
Бір уыс жүрегіммен сезінгенім.
ІІ жүргізуші: Балайды біреулері өтпеліге,
Расымен де сезімім өтпелі ме?
Бәлкім бұл балалықтың легі болар,
Немесе менің де бой жеткенім бе?
І жүргізуші: Ғашығыңмен бір билеші - дейді досым,
Көріп алып үнділердің киносын.
Әзілдеуін доғармас осы адамдар,
Жағдай орнап жатса - дағы бір тосын.
ІІ жүргізуші: Тағы да бір танысыма жүгіндім:
Бір кездері абайсызда сүріндім.
Аңдап басқай әр қадамды, болмаса
Кейіндері өкіндірер бұрынғың...
І жүргізуші: Танысымның тамаша бұл жауабы,
Жақсы істердің мол болады сауабы.
Шынымен де ғашық болып қалсам мен,
Жас жүрегім анық іштен тынары.
ІІ жүргізуші: Қыздың жолы жіңішке ғой қашан да,
Жеткізе алмай жан сырымды сол жанға.
Тынарым хақ ішімнен, иа болмаса,
Тағдыр басқа салғанынан қашам ба?!
Ән: _______________________________________________________
КВН:
І – ойыншы: Бір қыз әруақтардан қатты қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатып, түнде зираттардың ортасымен өтіп келе жатса, бір жігіт шығып:
Қарындас, ренжімесеңіз мен сізді өткізіп жіберейін, - депті. Қыз келіседі. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз:
Рахмет сізге! Қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кісі екенсіз, - десе жігіт:
Ой бұл ештеңе емес қой... Мен тірі кезімде вообще комик болғам,- депті...
ІІ – ойыншы: Бір күні аңдар жиналысы болып жатса, бір тышқан қ - а - ш - ы - ң - д - а - р, қ - а - ш - ы - ң - д - а - р деп айғайлап жүгіріп келе жатса, аңдар қашып кетіпті. Намысқа тырысып, арыстан қорыққаннан дір - дір етіп:
Не болды? – деп сұраса,
Папам мас, ұстап алса өлтіреді, - депті...
ІІІ – ойыншы: Асабаларымыз апталап үйге қонбай кетеді екен. Сондай бір асабаның кішкене баласы бір күні анасына:
Мама, біздің үйдегі домбыра шертетін ағай қайда кеткен? – деген екен...
Музыкалық үзіліс: ____________________________________________
І жүргізуші: Қымбатты, достар! Келесі кезекті логикалық сұрақтарға берсек...
ІІ жүргізуші: Қойылған сұрақтарға кімде - кім дұрыс жауап берсе, сый - сыяпатымыз бар...
І жүргізуші: Сонымен, алғашқы сұрағымыз: Қазақстан мен Қытайдың арасында не бар? (мен)
ІІ жүргізуші: Ти десем тимейді, тиме десем тиеді... (қырсық қыздар)
І жүргізуші: Қашсаң қуады, қусаң қашады... (кәндек иттер)
ІІ жүргізуші: Ненің көлеңкесі болмайды? (көлеңкенің)
І жүргізуші: Қап - қара, төртбұрышты. Ол не? (жұмыртқа)
Неге қап - қара, төртбұрышты деп ойлайтын шығарсыздар... Өйткені, мен әппақ, сопақ десем бірден тауып алар едіңіздер ғой...
ІІ жүргізуші: Русалка балық па, қыз ба? (бас жағы қыз, аяқ жағы балық)
І жүргізуші: Тауық бірінші пайда болды ма, жұмыртқа ма? (оның жауабын ешкім таппаған екен)
Музыкалық үзіліс: ____________________________________________
ІІ жүргізуші: Демеңіздер өнерін аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Жиылған жұрт, рұқсат болса егер,
Концертіміз осымен аяқталды.
І жүргізуші: Уақыт бөліп, кешімізге қонақ болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Соңынан би кеші...