Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер

Скачать

Өзін - өзі тану пәні сабақ жоспары
Тақырып: Арман – жарқын болашақ бейнесі
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: уақытты үнемдей білу, азаматтық жауапкершілік, қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік.
11 сынып
Сабақтың мақсаты:
Арманына қадам бас! атты әңгімені шынайы өмірмен байланыстыра отырып балалардың Дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
- Уақытты үнемдей білуді, азаматтық жауапкершілікті сезінуге үйрету.
- қоғамға риясыз қызмет етудің маңыздылығын түсіндіру.
- оқушыларды әділеттілікке, қанағаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылармен амандасу.)
Тыныштық сәті. (Баяу әуенмен айтылады. )

Орманға саяхат
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер. Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

2. Дәйексөз
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
Л. Н. Толстой.
Дәйексөздің мағынасы неде?
Неліктен арманды жарық жұлдызға теңейді?
Бағдар деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мектеп: Қ. Қайдосв орта мектеп
Мұғалім: Ералина Асем

Арман – жарқын болашақ бейнесі. жүктеу


Скачать


zharar.kz