Аналар жарысы

Скачать

Балабақша тәрбиешісі Жанар Ашаевна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: әңгіме, тақпақтар, сұрақ - жауап.
Қажетті құралдар: суреттер, желім, сүрткіш, бала санына қарай қағаз, кішкентай жүректер, екі пенопласт.

Шаттық шеңбер:
Амансың ба, балалар!
Амансыңдар ма, қонақтар!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сенлерді көрсем қуанам!
Бүгінгі біздің сабағымыз Отбасындағы сүйіспеншілікке арналады.
Адамға өмірде ең қымбат – отбасы.
Отбасы ол - ата, әже, әке, ана, аға, апай, іні, қарындастарымыз және сендер.
Отбасы ол үлкен қуаныш, шаттық, мейрімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы.
Халықта: Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілесің деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбие алса, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.
Отбасы суретін қарастыру:
Балалар біз бүгін екі отбасылық топқа бөлініп жарысамыз.
I топтың басшысы Санжардың анасы.
II топтың басшысы Аяжанның анасы.
Жарысымызды бастамай тұрып тақтаға назар аударайықшы, мынау тұрған өмір ағашы, сендер де осы ағаштың жапырақтарындай жайқалып өсіп келесіңдер.
– Тақтадағы суреттерде кімдер бейнеленген? Сендердің отбасыларының суреттері бейнеленген.
– Кім өз суретін әңгімелеп бергісі келеді?
Ал, енді жарысымызға кірісейік.
Жарысымыз 6 тапсырмалардан тұрады.
I тапсырма: Суретшінің қатесін тап
Екі топқа суреттер беріледі, ол суретте суретшінің 5 қатесін тауып айтуы керек.
II тапсырма: Сандарды дұрыс қос
Ойын шарты: Сандарды дұрыс қосқанда сол сандардан 5 пен 7 саны шығу керек.
III тапсырма: Мозайка
Ойын шарты: Мозайканы құрастырғанда піл мен бұзаудың суреті құрастырылады.
IV тапсырма: Ертегіні құра
Ойын шарты: Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін ертегі желісі бойынша ретімен фланелеграфта орналастыру.

Сергіту сәті:

Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық.
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

V тапсырма: Достық аралы
Шарты: Аналар жарысы. Түрлі - түсті қағаздардан аналар Достық аралын бейнелейді. Аналар жасаған жұмыстарына сипаттама береді.

VI - тапсырма: Жүректен жүрекке
Шарты: Балалар дайын қағазға жүректер жапсырады.
Ал енді құрметті қонақтар, біздің балалардың өз қолымен дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Шеңбер: Күн шуағы
Балалар шеңберге тұрып, күн шуағынан ұстап өз отбасы жайлы айтады.

1. Менің отбасым ең мейірімді,
2. Менің отбасым ең тату,
3. Менің отбасым ең инабатты,
4. Менің отбасым ең тәрбиелі,
5. Менің отбасым ең сымбатты,
6. Менің отбасым ең ақылды,
7. Менің отбасым ең кең пейілді,
8. Менің отбасым ең әзілқой,
9. Менің отбасым ең үлгілі,
10. Менің отбасым ең өнегелі,
11. Менің отбасым ең сүйкімді,
12. Менің отбасым ең спортшы,
13. Менің отбасым ең көңілді,
14. Менің отбасым ең білімді,
15. Менің отбасым ең сыпайы,
16. Менің отбасым ең еңбекқор,
17. Менің отбасым ең ақкөңіл,
18. Менің отбасым ең парасатты,
19. Менің отбасым ең жақсы.

Қазақстанда тұрамыз,
Отбасын біз сүйеміз.
Дос болып біз бәріміз,
Әрқашанда жүреміз!


Скачать


zharar.kz