Жаратылыстану ғажайыптары
Білім сайысы 8 - 10 сынып
Мақсаты:
Химия, биология, география пәндерінен алған білімдерін байқау, алғыр, білімді оқушыларды анықтай отырып, пәндердің өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін білуге үйрену.
Көрнекіліктер: Табиғат туралы нақыл сөздер. Слайдтар.
Кештің барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.
Жүргіуші
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Бүгін өздеріңізге белгілі 12 - 17 қаңтар аралығында химия - биология - география апталығы болып жарияланды. Сол апталықтың қорытындысы ретінде 8, 9, 10 сыныптар арасында өткізілетін Жаратылыстану ғажайыптары атты Білім сайысын бастаймыз .
Нұрлы жол - болашаққа бастар жол
“Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі” Н. Ә. Назарбаев.
Сайыс кезеңдері
1. Сәлем - сөздің анасы топтық таныстыру.
2. Әрі қарай пәндер бойынша сұрақ - жауап.
3. Мен білемін биологиялық қызықты сұрақтар.
4. Қанат қақты география пәніне арналған қызықты сұрақтар.
5. Сиқырлы конверт химиялық қызықты сұрақтар.
6. Қорытынды.
Әділ – қазы мүшелері:
Биология
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су мөлдір уа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де, беретіне қарызға.
География
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік, аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О, табиғат, не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О, Табиғат, сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең, керемет ең!
Химия
1. Периодтық жүйеге арнау
Элементтерді жүйелеуге әркімдер - ақ еңбек еткен
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны біліп, қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.
2. Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Химияның әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танысыңдар табиғаттың ғажабын.
Әрі қарай пәндер бойынша сұрақ - жауап.
І топ сұрақтары: 8 а сынып.
1. Жердің шегінен басқа денелерді (ғарыштық денелер)
2. Табиғаттанушыларға арналған қанша қағида бар? (8)
3. Күн мен жердің орташа ара қашықтығы (150 млн шақырым)
4. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты(өзен алабы)
5. Ұйқы безінің гормоны (инсулин)
6. Жасушасыз тірі ағза (вирус)
7. Жүйке жасушасы (нейрон)
8. Өрмекшілерді зерттейтін ғылым не деп аталады? арахнология
9. Тұздың суда еруі Физикалық.
10. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің түсімділігін арттыратын химиялық зат не деп аталады? минералды тыңайтқыштар
11. Халық шаруашылығына пайдаланылатын қажетті заттарды айтамыз.
а) жанатын ә) кенді ә) кенсіз
12. Жасыл немесе қара түйіршік түрінде кездесетін қопарылғыш зат. Порох