Қазақстанда мекендейтін құстар

Скачать

Қазақ тілі 4 сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Ахметжан Ардақ Сайлауханқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін құстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін құстар туралы түсінік беру;
Міндеттері: 1. Қазақстанда мекендейтін құстар туралы мағлұмат беру;
2. Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту;
3. Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, құстарды қорғауға, аялауға
тәрбиелеу.(слайд№1)
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: диалог, ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндірмелі, талдау - жинақтау т. б.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, сызбалар, кеспе қағаздар.
Жаңа технология: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану, жаратылыстану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа кіріспе.
Психологиялық дайындық.
- Бүгін кезекші кім?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Бүгін сабаққа деген көңіл - күйлерін қандай? (смайлик көрсету)

II. Үй жұмысын тексеру
1. Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау.
2. Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау. Әр оқушы оқиды.
3. Сандарды сөйлет (слайд№2)
• Піл – құрлықтағы ең ірі ауыр салмақты жануар. Салмағы - 9 тоннадай. Азу тісінің салмағы – 220кг. Бір күнде - 140 кг. өсімдік жейді. Тәулігіне 100 - 200 литр су ішеді. Олар 70 - 80 жыл өмір сүреді.
• Түйе - 2 - 3 центнер жүк көтереді. Түйе 40 - 50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей жүре алады. Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе - 200 литр су ішеді.
• Аю - ең үлкен аңдардың бірі. Оның салмағы 1 - тонна, ұзындығы 3 метрге дейін болады. Ол 40 - 50 жыл өмір сүреді.

III. Жаңа тақырыпқа шығу.
Қызығушылығын ояту.
Құстардың дауысы.(музыка)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстандағы құстар таулы жерлерде, орманда, жазық жерлерде, суда тіршілік етеді. Бұл жер – олардың тіршілік ететін тұрақты мекені. Олар осында қыстайды. Ырғыз, Торғай көлдері – су құстарының тұрақты мекені. Мұнда өте көп.
Аққу - Лебедь - айрықша таза, кербез құс.
Сауысқан – сорока - Қыстап қалатын құстардың бірі
Тоқылдақ - дятель - Тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді.
Бүркіт – беркут - көк күмбезінде қалықтап ұшатын қыран құс.
Бірқазақ – пеликан - тұмсығы үлкен. Балықтарды тұмсығына толтырып жейді.
Көгершін – голубь - Қазақстаннның барлық жерінде кездеседі. Ол бейбітшілік құсы.

Сөздікпен жұмыс
Бұлбұл – соловей
Аққу - Лебедь
Тырна – журавель
Тоқылдақ - дятель
Қарлығаш – ласточка
Бүркіт – беркут
Қарға – ворона
Бірқазан – пеликан
Көкек - кукушка
Көгершін – голубь
Ұзақ – грач
Коллеграфиялық минут

* Баллар қазір жылдың қай мезгілі?
* Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады?
* Олар жылы жаққа ұша бастайды.
- Ал, ұша алмай көмекті қажет етіп жүрген құстар бар екен. Ол қай құс екен? (слайд№3)
- Бұл – аққу. Аққу туралы не білесіңдер? Аққу жалғыз жүрмейтін құс. Бірақ ол достарынан адасып қалып қойыпты. Оған жолды көрсету үшін мына тапсырманы орындауымыз керек: (слайд № 4)

- Міне аққу да өз достарына баратын жолды тауып ұшып кетті. (анимация арқылы аққуды ұшыру. (слайд №5)
- Енді бізден қарлығаш та көмек сұрап тұр екен. оның қанаты жараланып ұша алмай қалыпты. Біз мына тапсырманы орындасақ. Қанаты жазылуына көмек болады екен. (слайд № 6)
- Міне, қарлығашта қанаты жазылып ұшып кетті. (анимациямен қарлығашты ұшырып жіберу)
- Біздің құстарға көмектесіп жатқанымызды естіп, тырна да көмек сұрап келіпті. Ол да құстардың тобынан қосылу үшін мына тапсырманы орындау керек дейді:
- Сергіту сәті
3 - жаттығу Үлгі бойынша жаз тапсырманы орындау
( слайд № 7)
Маймыл, көбелек, бақа, түлкі, кит, балық, құс, піл, керік, бүркіт, құс, көгершін, сағат, жолбарыс, қарға, аққу.


Скачать


zharar.kz