Сабақтың тақырыбы: Ұзындыққа секіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұзындыққа секіру тәсілдерін түсіндіру, меңгерту.
Дамытушылық: Ептілік, икемділік, шапшаңдық қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке қимылдар.
Көрнекі құралдар: секіру құралдары, секіртпе, ережелер жинағы, суретті плакат, ысқырық.
Өтілетін орны: спортзал
Кіріспе бөлім
а) Сапқа тұрғызу
ә) Кезекші мәлімдемесі
б) Сәлемдесу
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Дайындық бөлімі
- Саптағы бұрылыс жаттығулары оңға, солға, кері бұрыл!
- Саппен алға бас!
- Жүріп келе жатып бұрылыстарды орындау.
- Саппен келе жатып дене - қимыл жаттығуларын орындау.
- Бастапқы қалып. Қолдың әр бағыттағы қимылдары.
- Бастапқы қалып. Кеуде, бел қимыл жаттығулары.
- Бастапқы қалып. Тізе, аяқ қимыл жаттығулары.
- Әр бағыттағы секірулерді орындау.
Негізгі бөлім
Жеңіл атлетика бөлімдері
а) Алыс және жақын қашықтыққа жүгіру.
ә) Жоғары және төмен старт ережелері.
б) Ұзындыққа және биіктікке секіру.
в) Орнынан секіру қимылдары.
Бүгінгі тақырыбымыз: Ұзындыққа жүгіріп келіп секіру.
- Ұзындыққа жүгіріп келіп секіру қимыл - қозғалыстары плакаттағы сурет бойынша түсіндіріледі.
- Жеңіл атлетикадан ұзындыққа секіру бойынша чемпион - Ольга Рыпакова жайлы әңгімелеу.
- Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
- Орнынан қос аяқтап секіру жаттығуын орындалады.
Қорытынды бөлім
а) Сапқа тұрғызу
ә) Секіру ережесін қайталау
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ынталы ауылы
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып,
бейнелеу өнері мен дене шынықтыру мұғалімі
Бердікеев Жұмағали
Толық нұсқасын жүктеу