Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
Губайдуллина Баян Нұрахметовна
Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға отбасы мүшелерінің мінездері туралы сипаттайтын ережесімен таныстыру және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыра алуларына үйрету.
2. Оқушылардың ой қабілеттерін дамыту: өз ойларын дұрыс жеткізе білу, ауызекі тілдерін дамыту, бір - бірімен сөйлесуге, сауатты себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдердің жалғауларын дұрыс пайдалануға дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды отбасында өз мінездерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, презентация.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, салыстыру, ойлау, іздену.
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу.
II. Тілдік орта: Ауа райы қандай? Қыс айлары қаңдай, қаңтарда неше күн бар? Аптада неше күн бар?
III. Фонетика жаттығуы.
Әке - асқар тау.
Ана - бауырындағы бұлақ.
Бала - жағасындағы құрақ.
Айтқызу, аудару, жатқа айтқызу, дыбыстарды сипаттау
IV. Лексика жаттығуы: мақал - мәтелмен жұмыс:
Он үште отау иесі (мәнін түсіндіру).
V. Үй тапсырмасы:
Өмірбаян - әңгімелеу
Отбасы
Әке - шеше не істейді
Жасы нешеде қандай
VI. Жаңа тақырып.
Мұғалімнің сөзі, сабақтың мақсаттарын жариялау.
Тындалым:
1. Аудару.
2. Ыңғайлас сабақтас құрмалас жалғауын табу.
Сөздік жұмыс:
- отбасы мүшелері - члены семьи;
- мінез - характер;
сыпайы - вежливый, учтивый.
мейірімді - добрый (тойған қозыдай)
Жағымды жақтары кішіпейіл - скромный (қой аузынан шөп алмас)
адал - честный (құлан тазы)
ұстамды - сдержанный, спокойный
қатал - строгий, требовательный
Жағымсыз жақтары сараң - жадный
желікбас - легкомысленный
Сөз тіркесі - сөйлем құрастыру.
Оқулықпен жұмыс:
I тапсырма Диалогты толтырып, сөйлесу.
II тапсырма Фразеологизмдерді пайдаланып себеп - салдар жалғаулықтары бар сөйлем құрастыру.
III тапсырма Өз сыныбындағы сыныптастарыңның мінезі туралы 7 сөйлем құрастыру.
VII. Бекіту: 1. Отбасы дегеніміз не? Отбасы - бақыт тірегі.
2. Отбасыңның мүшелерін атап бер.
3. Отбасың қандай? (Үлкен, үлкен емес, тату, мейірімді)
VIII. Қорытынды: Бағалау.
IX. Үй тапсырмасы: 47 бет 1 - тапсырма (орта, төмен деңгей) отбасы мүшелері туралы әңгімелеу.