Стресс дегеніміз не?
Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы Кернеу, қысым дегенді білдіреді. Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады. Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Стресстен арылуға бірнеше оңай жаттығулар:
1. Тыныс алу жаттығуы. Мұрын арқылы жай тыныс алыңыз да, аздап ұстап тұрып жіберіңіз. Әр дем шығарып жатып, стресстен айығып жатырмын деп ойлаңыз. Жаңадан тыныс алған сайын, сіздің бойыңызға сенімділік пен тыныштық еніп жатыр деп елестетіңіз.
2. Бір минуттық демалыс. Иықты босаңсытыңыз содан соң ауыз айналасы, ерін айналасындағы бұлшық етерді босаңсуына мүмкіндік беріңіз. Ойыңызды дене жаттығуына қарай аударыңыз. Бұлшық еттерді босаңсытатын тыныс жаттығулары арқылы бет әлпетіңіз бен денеңізді түрлі қалыпқа өзгертіңіз. Мұндай релаксациялық жаттығуларды барлық орында жасауға болады.
3. Санау, атап шығу. Өзіңіз отырған бөлмені мұқият қарап шығыңыз. Ондағы әрбір заттар мен нысанға назар аударыңыз. Бөлмедегі көрген затардың бәрін кезекпен атап шығыңыз. Сіз ондағы әрбір заттарды кезек - кезек айтып шыққан сайын, адам ойы басқаға ауады да, бойындағы қысым азаяды, қоршаған ортаны қабылдау күші арта түседі.
4. Спорт. Мұндай кезде бокспен шұғылдану өте пайдалы. Өзіңіздің көңіліңізді түсірген жағдайды манекенге жазып қойыңыз да, әлгі манекенді қалай соққылағыңыз келсе, солай соққылаңыз.
5. Еңбекпен шұғылдану. Физикалық жұмыс ішкі қысымды төмендетуге мүмкіндік береді. Таза ауаға шығыңыз, серуендеңіз. Денені шынықтыратындай іспен шұғылданыңыз.
6. Өз эмоцияңызды сезінумен қатар ол туралы жақындарыңызға айтыңыз. Дәл қазір қандай күйді бастан кешіріп жатқаныңызды өзгелерге айтудан жасқанбаңыз. Бұл болашақта түсінбеушілік орын алуымен қатар, эмоцияналдық күйреудің орын алуына жол бермейді.
7. Зейін аудару. Болған жағдайға уайымдап, стресске берілгенше, одан қалай шығудың жолын қарастырыңыз.
8. Болған жағдайға деген көзқарас. Болған жағдайды өзгерту мүмкін емес, сондықтан оған деген өзіңнің көзқарасыңды өзгертуге тура келеді. Мүмкін, оңтайлы жағын табарсыз, мүмкін қорқыныштан арыларсыз.
Дереккөзі: neurodoc. ru
Дайындаған: Асыл