Тұманбай Молдағалиев өлеңі
Қоңырқай күздің аспаны
Бүркенді бұлтты қап - қара.
Нажағай ойнай бастады –
Маңайда, алыс жақта да.
Жасыл от көкте жарқылдап,
Жылата берді күз күнін...
Ауылға малшы жақындап,
Атының тартты тізгінін.
Қабағын түйіп тұрды адыр,
Жоғалтып күнді нұр жүзді.
Шелектеп құйған бұл жаңбыр
Үйіне жұртты кіргізді.
Толастар емес ал мұнда
Басталған жаңбыр бағана.
Маңдайын тосып жаңбырға,
Шопан дос жүр - ау далады.
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері