Армысың жан досым

Скачать

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Балауса балабақша тәрбиешісі Жантакбаева Алия

Орта тобы бойынша ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық
Бөлімі: Көркем әдебиет, сурет
Тақырыбы: Өнер әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларды ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың ой өрісін дамыту, эстетикалық танымын тәрбиелеу. Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін меңгерту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Ертегілер кейіпкерлері, үнтаспа, атрибуттар
Құрал - жабдықтар: ақ парақ, мақталы таяқша, гуаш
Блингвалдық компонент: ертегі - сказка, түлкі - лиса, қоян - заяц
Инклюзивті әлеумет: Ойын арқылы балаларды оқу іс - әрекетке қызықтыру.

Мотивациялық - қозғаушылық Балауса атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен
Сәлемдесіп алады
Шаттық шеңбер:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жан!
Армысың көк аспан?
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым

Тәрбиеші оқу іс - әрекетін сұрақ - жауаптан бастайды
- Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде не жауады?
- Қыс мезгілінде күн қандай болады?
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Ал енді балалар енді біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз
- Балалар, қараңдаршы ертегілер елінде көптеген ертегілер бар екен! Балалар енді бізде бір ертегіні сахналап берейік
Жаныбек патша ертегісі
Көбелек қуып әндетіп Айдай ханша кіреді. Тақта патша отыр
Айдай, Назерке
Әке, әне қарашы, мен қандай әдемі көбелек ұстап алдым. Міне көрші!
Патша: Нұржігіт. Неткен әдемі көбелек. Қызым бері келші, менің айтатын бір сырым бар. Сен биыл беске толасың. Сен енді үлкен қыз болдың
Айдай - Назерке
Әке ендеше менің туған күніме арнап, салтанатты той өткізейік! Оған мен ормандағы достарымды шақырайық
Патша: Нұржігіт.
Мақұл қызым! Менің уәзірлерім қайда?
Патша: Нұржігіт.
Менің қызымның туған күніне орай сарайда үлкен сауық кеші болады. Қызымның достары келіп өз өнерлерін көрсетсін
1. Бастаушы Ерхан
Салтанатты тойға түлкі мен қоянды шақырайық
Түлкі (Аяжан), Қоян (Арнұр) өз өнерлерін көрсетеді
Түлкі мен қоян ханшамен амандасады
Сәлеметсің бе ханша
2. Салтанатты тойға жолбарыс пен тиынды шақырайық
Жолбарыс (Тілеулес)
Санамақ айтып береді
Тиын (Гүлім) тақпақ айтып береді

Сергіту сәті: Ал, бер оң қол, сол қол

Ойын Орнын тап
Ал енді балалар ханша қызға сыйлық жасап берейік
І орталық Гүл моншақ бейнелейді
ІІ орталық Көбелек моншақты сымға өткізу
Саусақ жаттығу Үкі
Ән Достық

Айдай: Рахмет достарым, өнерлерің үстем болсын! Мен сендерге ризамын!
- Балалар біз қайда бардық?
- Ертегілер елінде қандай кейіпкерлерді көрдік?
- Біз Айдай қызға не сыйладық
Балаларды мадақтау

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz