Манғыстау облысы, Бейнеу селосы.
Бастауыш сынып мұғалімі Аккозова Қарлығаш
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға санды және әріпті өрнектерді ұғындыру.
Ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. Ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ертегі сабақтың суреттері (орман, ағаш, үй, алма ағашы өзен, ақ әже)
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың жүріс: І Ұйымдастыру.
ІІ Өткен материалды тексеру. Сұрақ - жауап арқылы пысықтау.
ІІІ Жаңа сабақ
1. Ертегіні баяндау.
Аулада балалар ойнап жүр еді. Бір кезде Раушан інісі Асанды жоғалтып алды.
- Оқушылар біз мына Раушанға көмектесеміз бе?
- Олай болса, оқушылар, Раушанға көмектесу үшін бүгін біз сабағымызды ерекше етіп өткізбекпіз. Бүгін сабақта әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында Раушанға көмектесеміз.
- Дайынбыз ба?
- Раушан алдымен алма ағашына кездеседі. Алма ағашының тапсырмасы:
Қызықты есептер орындау.
а) 5 алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2 - еуі)
ә) Табақта 5 алма,
Қолымда 4 алма,
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (9)
б) Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 9 туысын,
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (10)
- Міне, оқушылар, біз алма ағашының тапсырмасын орындап, Раушанға алғашқы көмегімізді көрсеттік.
- Раушан өзенге кездесті. Өзеннің тапсырмасын орындау барысында, балықтарды өзенге жүздіріп жіберу керек.
- Олай болса, оқушылар, Раушанға көмектесеміз бе?
- Біз бүгінгі жаңа сабағымызбен танысып аламыз.
Дәптермен жұмыс.
15. 03.
Санды және әріпті өрнектер.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
- Тақтаға бірнеше өрнектер көрсетіліп, 1, 2 - тапсырмалар талданады.
4+2;
2+а;
3 - 2;
9 - 5;
3 - а;
а+5;
- Санды өрнек пен әріпті өрнекті ажыратып көрсету. (түсіндіру)
Оқулықпен жұмыс
1 - балық. Оқулықтағы 3 - тапсырма.
Өрнектердің ішінен санды өрнектерді теріп жазып, өрнектердің мәнін табамыз.
5+4=9
9 - 4=5
3+7=10
2 - 2=0
9 - 6=3
2 - балық. әріпті өрнектерді теріп жазамыз.
4 - а
а - 4
7 - а
8 - а
а+4
3 - балық. 3, 4, 7 сандарын пайдаланып тура теңдік құру
3+4=7
4+3=7
7 - 3=4
7 - 4=3
Сергіту.
Раушан гүлдерге кездеседі. Гүлдерге жақындағанда қатты жел тұрып, гүлдер қозғалды. Жел басылып, гүл орнына келді.
- Өте жақсы, оқушылар, Раушанға жақсы көмектесіп, берілген тапсырмаларда орындап, інісін табамыз.
Раушан егістік алқабына кездесті.
Егістік алқаптың тапсырмасы:
Мына төрт түліктің төлдерін менен аулақ айдап жіберуге көмектес. (қозы, құлын, бота)
1 - тапсырма:
4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут керек. (4 минут)
2 - тапсырма
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
3 - тапсырма
Екі аяқтыда бөле тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
- Міне, оқушылар, біз егістік алқаптың тапсырмасын орындап, Раушанды өткізіп жібердік.
Раушан келе жатып, немерелерін ойнатып отырған ақ әжеге кездеседі. Раушан әжеден інісі Асанды сұрайды. Егер тапсырмамды орындасаң Асанды іздеуге немерелерім көмектеседі.
Ақ әженің тапсырмасы оқулықтағы 4 - тапсырма.
Қайсысы есеп, қайсысы есеп емес екенін анықтау оқушыларға ұсынылады.
Есепке шарт құрылып есеп шығарылады.
Өскені - 6 ағаш
Тағы - 2 - еуі ағаш
Барлығы -? ағаш
Шешуі: 6+2=8
Жауабы: 8 алма ағашы.
- Ақ әженің тапсырмасын орындағаннан кейін Раушанның інісі Асанда табылады.
Сөйтіп екеуі кездеседі.
- Олай болса, барлығымыз Тиісті жемісті тауып жейді ойынын ойнаймыз.
9 - 6 (қоян)
4+2 (тышқан)
3+1 (кірпі)
2+3 (тиін)
5+5 (аю)
9 - 0 (түлкі)
ІY Сабақты қорыту.
Y Мадақтау, бағалау.