Рәміздердің авторларын ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда Қазақстан – тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсінік қалыптасады
Сабақтың міндеттері
1. Мемлекеттің құрылымы, орны, шекарасы және басқа елдермен достастығы туралы түсінеді.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін артады, тарихи мәліметтерді саралай отырып, талдайды, қортынды жасай біледі, дағдыларын дамытады.
3. Отанымыздың, туған жеріміздің құдіретін ұғынады, отансүйгіштік және жауапкер - шілік сезімі қалыптасып, патриоттық тәрбие алады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдістері: эвристикалық – ізденушілік, ақпарат құралдарымен жұмыс, талдау, жинақтау
Оқыту формасы: жеке, ұжымдық.
Көрнекілігі: физикалық карта, үлестірмелі материалдар, слайд.
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Бір - бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін тілек айтайық.

III. Ой қозғау
Отан деген немене? (топтастыру)
1. Біздің Президентіміз кім?
2. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
3. Қазақстанның астанасын ата.
4. Біз қай елдермен көршілеспіз?
5. Рәміздердің авторларын ата.
IV. Мағынаны тану Картамен жұмыс. Қазақстан туралы мағлұмат беру.
а) Демократиялық – азат, ерікті, тәуелсіз мемлекет.
ә) Биліктің үш тармағы парламент, үкімет, сот
б) табиғаты
в) жануарлары мен өсімдіктері
г) табиғат байлықтары

V. Ой толғаныс
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Біздің міндетіміз қандай?
3. Қазақстан қандай елдермен ынтымақтастыққа қол жеткізді?
4. Қазақстан жер аумағы жөнінде не білеміз?
5. Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз?
6. Облысымызда қандай шаруашылықтар бар?
Сергіту сәті.
Туған жер, Отан тақырыбында қандай ән білеміз, бірге айтайық.
V. Қабырғаға қарап оқу, автор орындығы Бәйтерек суреті

VІ. Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім кім не? Қазақстан
2. Сын есім қандай? Тәуелсіз, демократиялық, бейбіт
3. Етістік не істеді? Тәуелсіздігін алды, әлемге танылды.
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем: Бірлігі жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан
5. Балама сөз: Отан, мемлекет

VII. Қорытынды.
Қазақстан сөзжұмбағы
Сенің ұлтың қандай? Қазақ
1640 жылы іргесі қаланған қала. Атырау
Қазақстан қандай ел? ТәуелсіЗ
Рәміздің бірі. ЕлтАңба
Ту, жалау. БайраҚ
Біздің отанымыз. ҚазақСтан
Елтаңбаның авторы. ШоТ Аман
Асыл жан. Ана
Қазақстанның гимнің сөзін жазған ЖұмекенН

VIII. Бағалау, мадақтау
IX. Үйге тапсырма беру: Алтын ұя - бесігім тақырыбында эссе жазу, мазмұндау


Скачать


zharar.kz