Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. Информатика еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тараулары бойынша білімдерін жетілдіріп, қорыту.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын ояту, әдептілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім білік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тест, ойындар, практикалық жұмыстар, тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, таратпа қағаздар, слайдтар
Пән аралық байланыс: математика, сурет, сызу, ағылшын, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шығармашылық бөлім
3. Практикалық бөлім
4. Білімдерін бекіту
5. Бағалау. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру. Топтарға бөлу.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін біздер барлығымыз Информатика еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін біздер әр аялдамалардағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындауымыз қажет. Біз бірінші үш топқа бөлінеміз. І топ Жүйелік блок , ІІ топ Монитор , ІІІ топ Пернетақта . Әр топқа бағалау парақтары беріледі. Сол бойынша оқушылар, топтар бағаланады.
1. Ақпарат аялдамасы.
2. Компьютер аялдамасы.
3. Алгоритм аялдамасы.
4. Суреттер аялдамасы.
5. Информатика әлемі.
1 аялдама. Ақпарат
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. 1 Мбайт (мегабайт) неге тең?
4. 8В, АҒ, 49 мына символдар ақпаратты кодтаудың қай түріне жатады?
5. Адам қабылдайтын ақпаратты қандай түрлерге бөлеміз?
1. Информатика дегеніміз не?
2. Адам ақпаратпен не істейді?
3. Байт дегеніміз не? 1байт неге тең?
4. Екілік алфавит қандай таңбалармен ұсынылады және оларды не деп атайды?
5. Кодтау мен кері кодтау дегенді қалай түсінесіз?
1. Сигнал дегеніміз не?
2. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
3. Қандай процесті ақпараттық процесс дейді?
4. Сигналдардың түрлерін атап, мысал келтіріңіз.
5. ASCII кодтық кестесі қандай бөліктерден тұрады?
2 - тапсырма.
1-топ.
1110 жасымда 1001 сыныпты бітіріп, 1000 жылдан соң 10100 жасымда институт бітірдім. 11001 жасымда жұмысқа араласып, антивируспен ауырдым. Қазір жасым 1111 - ның үшеуінде. Маған көмектессеңіздер екен.
2- топ.
Мен 10001 жасымда бітірдім. Ал 10110 жасымда академия бітіріп, электронды сарайда қызмет еттім. Ол кезде сендер 0111 жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен айналысып, 0011 жылдан кейін Вирус атанып сиқырға ұшырадым. Мені осы сиқырдан құтқару үшін, осы есепті шешу керек. Сонда мен де пайдалы еңбек жасайтын боламын.
3 - топ.
Менің 0101 жасымда, сиқыршы сиқырлап тастады. Ол оны компьюктус деген кактусқа айналдырып, аукционға салды. Мені агроном 1011 мың теңгеге алам деді. Ал, дәрігер 1101 мың теңгеге алғысы келді. Менің бақытыма қарай программисттің қолына тиіп 1111 мың теңгеге сатылдым. Ал мені сиқырдан құтқару үшін есепті шешу керек.