Сабақ тақырыбы: Сиыр
Сабақ мақсаты: Сиыр малы туралы жан - жақты мағлұмат алу.
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, қосымша суреттер, ИТ, стикерлер, бағалау қағаздары, түрлі - түсті
маркерлер, плакаттар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
(Венн диаграммасы арқылы қой мен жылқыны салыстыру)
3. Жаңа сабақ
А) Оқушылар топқа бөлінеді.
Ә) Тақтаға күннің жады мен сабақ тақырыбы жазылады.
Б) Түртіп алу әдісі ұйымдастырылады. Мыс: Желін - сиырдың сүт толы емшегі. Сырдаң - жұтаң, тапшы, кедей.
В) Мұғалім өлеңді оқиды, әр топтан бір - бір оқушыдан өлеңді оқып шығады.
4. Жұптық жұмыс
(Оқушылар жұптастырылады. Әр жұп сиыр туралы мақалдар іздестіріп мағынасын талдайды.)
5. Топтық жұмыс
1 - топ.
(Жырға сүйеніп, суретке қарап, сиырды сипаттау)
Мүйізі...........................................................
Мұрнын........................................................
Ірімшік, құрт, майы.......................................
2 - топ.
(Сиырдың суретін салу, сиыр туралы жұмбақ жазу.)
3 - топ.
(Кестені толтыру)
● Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар........
● Сиырдың терісінен жасалатын заттар..........
● Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар.................
6. Сабақты қорыту
(кері байланыс арқылы)
1 - сұрақ. Сиыр қалай дыбыстайды?
2 - сұрақ. Сиыр пірі қалай аталады?
3 - сұрақ. Сиырдың төлі қалай аталады?
4 - сұрақ. Сиырдың аталығы қалай аталады?
5 - сұрақ. Сиыр шөпті қалай жейді?
7. Үйге тапсырма.
А) Сиыр жырын жаттау
Ә) Түйе малы жайлы мәліметтер қарастырып келу.
8. Бағалау
А) Балалар бірін - бірі бағалайды.
Ә) Топтар бірін - бірі бағалайды
Б) Мұғалім оқушыларды бағалайды.
9. Рефлексия
Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады.