Ілияс Жансүгіров өлеңіМайАпрель кетіп, май жетсе, Табиғатқа жан кірер

Скачать

Ілияс Жансүгіров өлеңі
Май
Апрель кетіп, май жетсе,
Табиғатқа жан кірер.
Мұз бұзылып, қар кетіп,
Қара жерге әр кірер.
Жыл құстар шулап, жер кепсе,
Жайраңдасар әркімдер.
Жылға суық билетсе,
Жайма - шуақ әр күндер.
Орман, тоғай желдетсе,
Әнге басар әлгілер.

* * *
Май айында көп ағаш,
Мақтанады шайқалып.
Көк жапырақ қып - қиғаш,
Бауырында майса жайқалып.
Салқын таңда сандуғаш
Сайрап отыр тайпалып,
Құс, көбелек, қарлығаш
Қанатын қағып, қайқайып.
Тал бауырында талдырмаш,
Әзіл, ажуа қайтарып.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля


Скачать


zharar.kz