Өскемен қаласы әкімдігінің
№18 орта мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Токтасынова Камшат Жаныбековна
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі
Қазақ 9 сынып
Мақсаты: Ақын Мұқағали өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Жырларының негізгі ерекшеліктерін, әлеуметтік мәнін ашу.
Міндеттері:
- топпен, жұппен жұмыс жасау;
- шығармаларына көрініс жұмыстарына көрініс көрсету
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда АКТ - ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық.
Стратегиялар: Диалог негізінде оқыту - әңгіме - дебат , Психологиялық хат жазу , Есіңе мені алғайсың сергіту сәті, Венн диаграммасы, Топтастыру , Ментальді картамен жұмыс Текстологиялық кесте , Екі жұлдыз, бір тілек рефлексия, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылармен амандасу. Шеңбер құрып, қасындағы досына тілек айту арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын. Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеремін.
Оқушыларды қабілеттеріне қарай 4 топқа бөлемін.
Топтың атын, топ басшыларын оқушылармен ақылдаса отырып, сайлаймын.
Оқушыларға М. Мақатаевтың өзі оқыған "Есіңе мені алғайсың" өлеңі тыңдатылады.
• Көз алдарыңызға қандай көрініс елестеді?
• Кімге қандай ой келді?
• Кімді есімізге алдық?
• Кім ақпан айында дүниеге келді?