Неге сөз есеп

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Есептерді салыстыру
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды есептерді салыстыруға үйрету, салыстыра отыра дұрыс сөйлеу мәдениет қалыптастыру.
2. Логикалық ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін, салыстыру, қатар қою, қорытынды жасау біліктігін дамыту.
3. Уақытты үнемдей білуге баулу, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу
Үй жұмысын тексеру
Психологиялық дайындық
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
Миға шабуыл
1. Бақшада 4 алма ағашы, 3 қайың ағашы,
2 алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы қанша
жеміс ағашы өсіп тұр?
2. Маратта бар 1 іні,
Мұратта бар 2 іні.
1-ге 2-ні қоссаңдар,
Неше болды шешуі?
- Балалар бүгінгі біздің өтетін сабағымыз есеп және оларды салыстыру. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Барлықтарыңызда белсене қатысады деп ойлаймын.
Жұмбақ
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.
(5)
- Жақсы, ал 5 деген қандай сан?
- 5 санының құрамын ата.
- 5 санының көршілерін ата.
- Өте жақсы, балалар.
Дәптермен жұмыс
- Балалар қане бәрімізде дәптерлерімізді ашып бүгінгі күн мен айды жазып шығамыз.
- Тақтада берілген көркем жазуға назарларымызды аударып көркем етіп 5 санын жазамыз.
- Балалар ал енді осы 5 деген бағаға жету үшін бүгін біз ойын ойнап, тапсырмалар орындауымыз керек. Бірінші біздің ойынымыз баспалдақ деп аталады.
Баспалдақ ойыны
- Балалар қазір бір-бірден шығып өрнектерді шығарып, баспалдығымыздың жоғарғы жағына шығуымыз керек.
10-5=5
10-6=4
8-4=4
9-6=3
6-3=3
8-6=2
4-2=2
7-6=1
- Ал енді сендердің зеректеріңді байқап көрейік. Ойын Кім зерек деп аталады. Суретке жақсылап қарап алыңдар. Ал енді үстелден қандай заттар алынды?
- Дұрыс айтасыңдар, қайшы және қарындаш.
Сергіту сәті
Сөзжұмбақ
- Балалар, өте жақсы, ал енді тақтаға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар
- дұрыс сөзжұмбақ. Сөзжұмбақтың шешуін табатын болсақ біздің келесі ойынымызды білетін боламыз.
-----БЕС
---ҚОСЫЛҒЫШ
СӘУЛЕ
------П
1. Оқушылардың жақсы көретін бағасы.
2. Қосындының компоненті
3. Мынау қандай фигура

Кім алғыр? ойыны
- Балалар оқулығымыздың 129-шы бетін ашып, №1 тапсырмаға назарларымызды аудардық. Есеп не туралы? Бұл – сөз есеп.
- Неге сөз есеп. Себебі сөз есеп сөйлемдер мен сандардан тұрады. Сөз есептің бөліктерін атаңдар.
- Есептің шарты, сұрағы, шешуі және жауабы.
- Есептің берілгенін қане кім оқып береді?
- Сұрағын ше?
- Ендеше кім тақтаға шығып қысқаша шартын жазады.
- Жақсы балалар, ал енді мен есептің шартын жазып қойдым, сендер дұрыс, бұрыстығын тауып алуларыңыз тиіссіңдер.
- Ендеше, осы екі есепті салыстырып көрейік, ұқсастығы неде?
- Айырмашылығы ше?

Тіктөртбұрыштарды іліңіз ойыны
- Төменгі жағында сендерге фигуралар берілген, сендер солардан тіктөртбұрыштарды алып, тақтаға ілулеріңіз шарт.

Балапанға көмектес ойыны
5, 4 және 9 сандарымен тура теңдіктер құр.
5+4=9
9-5=4
4+5=9
9-4=5
Сергіту сәті
Кім шапшаң ойыны
- Ал енді келесі ойын Кім шапшаң деп аталады. Тақтаға екі оқушы шығып біреуі теңдіктерді, ал екіншісі теңсіздіктерді тауып, тақтаға ілуі тиіс. Іске сәт!
- Балалар, сонымен бүгін біз қандай есептер шығардық?
- Нені қайталадық?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Сау болыңыздар!
Бағалау
- Сонымен, балалар сабақ бойы жинаған жетондарыңды санаңдар.
Үйге тапсырма
- Күнделіктерімізді ашып, тақтада жазылып тұрған үй тапсырмасын жазып алыңдар.


Скачать


zharar.kz