Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш (Тұрлаулы мүше)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту.
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, табиғаттың әсем көрінісін сезіне білуге тәрбиелеу.
Негізгі идея: Оқушыларды бір жүйеге келтіріп, сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқушыларды топтық жұмыс жасата отырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілеттерін дамыту, көз алдына елестету арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздерді дұрыс буынға бөліп тасымалдауға, тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша қойылатынын үйрету.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: топтастыру, ой қозғау, диалогтік, с. т. о. бағалау, салыстыру.
Көрнекілігі: тірек сызба, кесте, стикер, Венн диограммасы
Күтілетін нәтиже: Оқушылар баяндауышты меңгере отырып, жаттығулар орындайды, берілген тапсырмалар бойынша кестені толтырады, етістік пен баяндауышты салыстыра отырып, олардың жасалу жолдарын біледі, суреттер бойынша әңгіме құрастырып, баяндауышты табуды сұрақ қою арқылы ажыратуды үйренеді.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру. Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу.
1. Төртбұрыш
2. Үшбұрыш
3. Шаршы
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3. Сөйлем неден құралады?
Ой қозғау тәсілі. Жаңа тақырып бойынша оқушымен пікір алмасу. Етістік дегеніміз не? деп сұрақ қоя отырып жаңа сабақпен байланыстырамын
Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін математика сабағымен байланыстыра отырып Ойлан кестесінің сырын аштырамын. Сызбамен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығуларды орындатамын.
Миға шабуыл.
35 - жаттығу. 1. Маусым дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс. Әр топқа жеке тапсырма беремін.
Сергіту сәті. Құстар қалай сайрайды?
39 - жаттығу. Сөз жұмбақты шешу.
Сабақты қорыту. Венн диаграммасы.
Бағалау.
Үйге: Ережені жаттау